Елорда • 23 Қазан, 2020

Елорда тұрғындарын туберкулезге қарсы профилактикалық тексеру жоспарлануда

6 рет көрсетілді

23 қазан мен 23 қараша аралығында Нұр-Сұлтанда туберкулезді ерте анықтау үшін "ТОҚТА, туберкулез!" ұранымен қалалық ауқымды акция өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"COVID-19 пандемиясы туберкулезді уақтылы анықтауға бағытталған шаралар көлеміне әсер етті. Карантин кезеңінде туберкулезге тексерілгендер саны өткен жылмен салыстырғанда 20% азайды. Туберкулезді анықтау деңгейі үш есе төмендеді. Бұл айлық шара - қала тұрғындарын туберкулезге тексеруден өтуге, аурудың алдын алу және анықтау үшін білім деңгейін көтеруге шақыру", - дейді қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке.

Жалпы, акция кезінде алты мыңға жуық елорда тұрғынын туберкулезге қарсы профилактикалық тексеру жоспарланған. Қала тұрғындары үшін тегін флюорографиялық тексеру келесі аумақтарда жүргізіледі:

- тұрғын аудандар (Промышленный, Телман, Күйгенжар, Мичурино, Заречный, Пригородный, Железнодорожный, Өндіріс, Көктал және т.б.);

- қаланың сауда орталықтары мен базарлары ("Дәулет", "Артем", "Әлем", "Жаннұр", "Джафар", "Бахус", "Әсем", "Астықжан" сауда үйлері; "Ұлжан", Бигшанхай, Орталық, "Қамқор"; "Евразия" СОО, "Аружан", "Хан Шатыр" және т.б.).

Флюорографиялық тексерумен қатар туберкулездің алдын алу бойынша кеңестер алуға болады. Қала тұрғындарының қол жетімділігін арттыру үшін демалыс күндері сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін тексеруден өтуге болады.

Сондай-ақ, полиция департаментінің қолдауымен тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға флюорографиялық тексеру жүргізу жоспарлануда. Мамандар тәуекел тобындағы адамдарға кеңес беріп, қашықтан көмек көрсетеді.

Бүгін, іс-шараның бірінші күні жылжымалы флюорографтар Көктал-1 (Кировская СВА ауданы, Ардагерлер к-сі, 20), Көктал-2 (Ким көшесі, 4, №5 отбасылық денсаулық орталығы) елді-мекенінің тұрғындарына қызмет көрсетті.

Флюорографтар көлігінің келесі бағыты қосымша жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Ұқсас жаңалықтар