Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Шетсіз қала аясында шет аудандар дамып келеді

20 рет көрсетілді

"Алматы-2050" даму стратегиясына сәйкес қала аудандарында өмір сүрудің жоғары стандарттары қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысының қала маңындағы аудандары Алматымен тығыз байланыста дамып келеді. Шетсіз қала бағдары бойынша даму стандарты орталық пен қала маңындағы аудандардағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Алматыны дамыту стратегиясы аясында «шетсіз қала» қағидасына ерекше көңіл бөлетіні белгілі, жатын аудандарды дамыту, мегаполистің барлық аудандарында тұрғылықты жеріне қарамастан халықтың жоғары өмір сүру стандарттарын қамтамасыз етуді мақсат ететін қала басшылығының тапсырмасына орай Алатау ауданында тұрғындар тарапынан бұрыннан бері бірнеше рет көтерілген көкейкесті мәселелер шешімін табуда. Осы орайда Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз туры аясында Алатау ауданы әкімі Азамат Қалдыбеков аумақтың даму барысымен таныстырды.

Баспасөз туры барысында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ашылған Алатау ауданы әкімі аппаратының ғимаратындағы «Ашық әкімдік» фронт-офисінің жұмысы таныстырылды. Жобаның мақсаты – мемлекеттік органдардың азаматтар үшін қолжетімділігін арттыру, кедергісіз орта қалыптастыру, халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету. «Мұнда абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және әлеуметтік саланы қамтитын 4 бөлім жұмыс істейді. Сонымен қатар, аудан әкімдігінің құзыретіне кірмейтін жер қатынастары, сәулет және басқа қалалық басқармаларға қатысты мәселелер де бар»,- деп атап өткен аудан әкімі А. Қалдыбеков осыған орай  мамандардың жұмысы ұйымдастырылып, аптасына екі рет қала тұрғындарын қабылдайтындығын жеткізді.

Ауданда «Алатау аналары» қорының үлгісінде халықтың әлеуметтік-сезімтал топтарына көмек көрсететін қоғамдық қорлардың қызметі де таныстырылды. Мұнда  тігінші, визажист, шаштараз, сәнгер болып 12  маман жұмыс істейді. Қор сонымен қатар әйелдер мен балаларды тігін ісіне, косметологияға, биге, музыкалық аспаптарға үйретуге мүмкіндік береді. Күні бүгінге дейін 2500-ден астам адам оқытылған. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан Ақбұлақ шағын ауданындағы скверді ағымдағы жөндеу жобасы таныстырылды. Саябақта балалар мен спорт алаңдары, жекпе-жек алаңдары орналастырылып, инфрақұрылымы тұрғындар ыңғайына қарай жарақтандырылған. Аудан әкімінің айтуынша, саябақта балаларға арналған ойын алаңдары және демеушілердің күшімен спорттық манеж орнатылған. Бүгінгі таңда таэквондо, каратэ, бокс, күрес және кудо сияқты спорт түрлерімен жаттығуға мүмкіндік бар.

Алатау ауданында сонымен бірге «Шыңға өрлеу» бағдарламасы аясында «Домбыра орталығы» әлеуметтік нысаны ашылды. Демеушілердің көмегімен орталыққа құрал-саймандар сатып алынып, ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде орталықтан 100 бала домбыра ойнау дағдысын меңгерген.

Аббаттандыру барысында Шаңырақ-2 шағынауданы, «Шапағат» шағын маңы, сондай-ақ, «Ұлжан»  шағын ауданындағы спорт аймағы таныстырылды. Онда жақында футбол алаңының ашылуы өтті. Аумақта жаттығу құрылғылары орнатылған workout аймағы бар. Аталған нысан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынды. Сонымен қатар саябақты жөндеу жұмыстарымен танысты. Үш гектар аумақты алып жатқан аумақта балалар, баскетбол, workout алаңдары орналасқан. Аудандағы 13 шағын ауданында ұзындығы 108,2 км болатын жаңа жолдардың құрылысы жүргізілуде.

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар