Елорда • 22 Қазан, 2020

Елордадағы 12 үй толыққанды тұрғын үй кешеніне айналып келеді

8 рет көрсетілді

"Баспана Көктал" көппәтерлі тұрғын үй кешені "Елорда құрылыс компаниясының" қатысуымен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Баспана Көктал" көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше жер учаскелерінде орналасқан. Ол 13 үйден тұрады. Олардың біреуі ғана аяқталды. Бес жыл бұрын қалған 12 үй құрылыс ұзаққа созылған нысан ретінде танылды. Олардың әрқайсысында шешілмеген, проблемалық мәселелер болды: шатырдан су кету, қасбеттің, терезелердің, есіктердің, лифт шахталарының және т.б. болмауы. Жарық, жылу, су мен кәріз жүйелері де инженерлік желілерге қосылмады.

Үлескерлермен бірнеше рет кездесіп, жоспарлы құрылыс кестесін құрдық. Бұл үйде 600-ге жуық отбасы пәтерлерін күтіп жүр.

Бұрынғы құрылысшы бірнеше қабатты заңсыз түрде салып, лифтілерді қарастырмаған. Құрылыс саласындағы қолданыстағы нормаларға сәйкес ғимарат 6 қабаттан асса міндетті түрде лифтімен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ, өртке қарсы эвакуациялық баспалдақтар болған жоқ. Осыған байланысты лифттер мен эвакуациялық баспалдақтарды орнату үшін бөлімдерді бөлшектеу қажет болды.

Барлық аталған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешенін "Елорда құрылыс компаниясының" қатысуымен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салып жатырмыз. Құрылыс қарқынын күшейтіп, үйлерді жыл соңына дейін аяқтауды тапсырдым. Аумақты абаттандыру көктемге жоспарланған", деп жазды Алтай Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Ұқсас жаңалықтар