Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Жемқорлықты жою үшін меморандумға қол қойылды

18 рет көрсетілді

Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ортақ меморандумға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев пен облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева қол қойды.

Меморандум қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірлескен шаралар ұйымдастыру арқылы әрекет ету мақсатында жасалды. Сондай-ақ, ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуына бірлесіп жұмыс жасауға, "Маңғыстау-адалдық алаңы" жобалық кеңсесі арқылы тұрмыстық жемқорлықты жоюға және құжат мазмұнында көрсетілген өзара ақпарат алмасуға келісті. 

 

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар