Аймақтар • 22 Қазан, 2020

13 петропавлдық ата-ана құқығынан айырылды

14 рет көрсетілді

Биылғы жыл басынан бері Петропавлда 13 әйел ата-аналық құқығынан айырылды. Қазір 8 материал қаралу үстінде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осындай келеңсіз жағдай жалғасын тауып жатыр. Күні бүгін Петропавлдық ювеналдық полицейлер спирттік ішімдікке әуес 33 жастағы қала тұрғынын ата-ана құқығынан айыруға материал жинауда. Әйелдің екі ұлы бар, бірі 13 жаста, екіншісі 7 айлық сәби. Ұқыпсыз анаға қатысты бұрын жиналған барлық материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда қаралып, оны ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа материал жолдау туралы шешім қабылданды. Жарты жыл бұрын полицейлер оған жағдайды түзетуге мүмкіндік берген. Сәуір айында тұрғылықты жері бойынша кезекті тексеріс барысында оның үйінде болмағаны, жаңа туған сәбиді үлкен ағасының қарауына қалдырып, өзі бұл уақытта ішімдік ішіп жүргені белгілі болды. Сонымен қатар, ювеналдық полицейлер үйді таза ұстай алмайтындығын көзімен көрген. "Үйде иттің болуы, толық антисанитариялық жағдай, тарақан, жуылмаған ыдыс-аяқтар... Кәмелетке толмаған балаларды қалдыру туралы акті толтырылып, балалар ауруханаға жатқызылды", делінген қаулыда.

Әйелдің өзі ата-аналық міндеттерін орындамағаны және өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшін бұдан бұрын бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған.

"Профилактикалық іс-шараларға қарамастан, ол ішімдік ішуін қоймауда, ұсынымдарды орындамайды, өзінің ата-аналық міндеттерін тиісті атқармайды. Көршілерінен аталған азаматшаның ішімдік ішетіні, әдепсіз өмір салтын ұстанатыны жайлы шағым келіп түсуде", дейді Петропавл қаласы ПБ ювеналдық полиция тобының бастығы Эльмира Абушева.

Қазір оның ісі де сотқа тапсыруға дайындалуда. Ішімдікке ақша тапқан адам балаларын қарауға мүмкіншілік таппаған екен.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар