Қоғам • 21 Қазан, 2020

Нұр-Сұлтанға БАӘ-ден гуманитарлық көмек жеткізілді

9 рет көрсетілді

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері қорғаныс ведомстволары арасындағы екі жақты әскери ынтымақтастық шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласына гуманитарлық көмек жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гуманитарлық көмек ҚР Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелеріне, әскери госпитальдары мен лазареттеріне арналған.

Жүктің жалпы салмағы 18 тоннадан асады. Гуманитарлық көмекке реанимобиль, өкпені жасанды желдету аппараттары, капнографтары бар төсек жанындағы мониторлар, экстракорпоралды мембраналық оксигенация аппараттары және басқа да жабдықтар кіреді.

Сонымен қатар ПТР зертханаларын ерекше атап өткен жөн. Онда жабдықтардан басқа жаңа лазерлік қан анализаторы сынақтан өткізіледі. Оларды орнату үшін Қазақстанға БАӘ-ден екі маман жіберілмек.

Бұған дейін әмірліктер тарапының бастамасы бойынша қазақстандық әскери дәрігерлер Абу-Даби қаласындағы әскери госпитальде осы зертханаларды пайдалану бойынша теориялық және тәжірибелік оқытудан өткен болатын.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Ұқсас жаңалықтар