Қоғам • 21 Қазан, 2020

Отбасында зорлық көрген 320-дан аса әйел көмекке жүгінген

5 рет көрсетілді

Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында 320-дан астам әйел зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларына көмекке жүгінген. Бұл туралы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шырахметова бүгін баспасөз конференцияда мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

"2020 жылдың тоғыз айында 320-дан астам әйел біздің көмегімізге жүгінді. 160-қа жуық әйел Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының жеке қабылдауында болды. Бала-шағалы 39 әйел Дағдарыс орталығына орналастырылды. Олардың өтініштері бойынша 93 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 127 қорғау нұсқамасы шығарылды. 47 әйелге азаматтық-құқықтық қатынастарда көмек көрсетіліп, 89 адам мәжбүрлеп емдеу мекемелеріне орналастырылды. Олардың кейбіреуі балаларымен бірге Дағдарыс орталықтарына орналастырылды. Ал кейбіреуіне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірге көмек көрсетілді", дейді Гүлмира Шырахметова.

Сонымен бірге, аға инстпектор адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық бюро Украинадан Кеңес Одағы кезеңінде келген әйелдің құжаттарын қалпына келтіргенін айтты.

"Бұған дейін оның ешбір құжаты болмаған. Тиісінше, әйелдің балаларында да ешбір құжат болмаған. Құжаттарды қалпына келтіргеннен кейін ол балаларына әлеуметтік төлемдер ала бастады және жұмысқа орналасып, баспаналы болды. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады", дейді аға инспектор.

Гүлмира Шырахметованың айтуынша, әйелдер инспекторларға әртүрлі мәселемен жүгіне екен.

"Біз үйлестіруші орган ретінде үкіметтік емес ұйымдарға хабарласып, оларға көмектесеміз. Көптеген әйел күйеулерімен де жұмыс жасағанымызды қалайды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы бар. Олар қазір 12 отбасымен жұмыс істеуде. Бұл отбасыларға қиындықтарды жеңуге және отбасыдағы қарым-қатынасты реттеуге көмектеседі", дейді Гүлмира Шырахметова.

Инспектордың сөзінше, отбасылық дау-дамайда ерлі-зайыптының біреуі ғана кінәлі болуы мүмкін емес.

"Біз отбасыны барынша сақтап қалуға тырысамыз. Ал отбасын сақтап қалу мүмкін емес жағдай болса – онда әңгіме басқаша, әрине. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көп жағдайда ішімдік ішкен күйде болады және қол көтеруге де көп жағдайда қызғаныш себеп болады", дейді ол.

Еске салайық, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер үшін 1409, ал жыныстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін +7081060810 және 150 нөмірі бойынша байланыс орталықтары жұмыс істейді. Бұл сенім телефондары арқылы құқықтық және психологиялық кеңес алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Ұқсас жаңалықтар