Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Бір күнде Алматыда карантин талаптарын бұзған 20 оқиға анықталды

14 рет көрсетілді

Алматыда қала аумағында карантиндік шаралардың сақталуына күшейтілген бақылау жалғасуда, - деп хабарлайды Egemen.kz

20 қазанда құрамына аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі аудандық басқармалардың мамандары кіретін Алматы қаласының мониторингтік топтары 56 аралап тексеру іс-шарасын өткізді.

Бақылау қорытындысы бойынша 21 нысанда карантин талаптары бұзылғаны анықталды. Тиісті жұмыстар жүргізілді. Бетперде режимін бұзу бойынша жеке тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама жасалды.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қызметіне тыйым салынған нысандар, сондай-ақ жұмыс режимінің бұзылуы анықталды.

Әуезов ауданының мониторингтік топтары бірнеше нысаннан маска режимінің бұзылуын анықтады, соның ішінде Еуразиялық банк ғимараты, оптика, Абай көшесінің бойындағы лагманхана, «Алмасат» медициналық орталығы және т. б. бар.

Бостандық ауданында карантиндік шараларды бұзу қоғамдық тамақтану орындарында анықталды: «Jungle» рестобары, «Мармарис» дәмханасы, «Мармарис wok» дәмханасы.

Мониторингтік топ Наурызбай ауданындағы «Көктем» дүкенінен, «Буррито» дәмханасы, «Мандарин» дүкені, сондай-ақ сұлулық салоны мен кеңсе үй-жайында карантиндік іс-шаралардың бұзылғанын анықталды.

Қала кәсіпкерлерін эпидемиялық жағдай күрделене түскен кезде санитарлық нормаларды қатаң сақтауға және келушілер мен қызметкерлердің денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын барлық сақтық шараларын: бетперде киюді, әлеуметтік қашықтықты сақтауды, дезинфекциялық құралдарды пайдалануды және мүмкіндігінше адамдар көп жиналатын орындарға бармауды жалғастыруға шақырады

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Қашықтан бақылайтын чек-парақ

Аймақтар • Бүгін, 08:23

Ұқсас жаңалықтар