Экономика • 01 Қазан, 2020

Нарық теңгедегі ұзақ мерзімді депозиттердің мөлшерлемелеріне түзету енгізді

12 рет көрсетілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттердің 2020 жылдың қараша айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткендігін хабарлайды.

Қазан айына арналған мөлшерлемелермен салыстырғанда шекті мөлшерлемелерге қатысты өзгерістер ұзақ мерзімді депозиттер бойынша орын алды. Бұл мөлшерлемелер нарықтағы өзерістерге байланысты есептеледі, яғни олардың жоғарылуын немесе төмендеуін банк секторы қалыптастырады.

Сонымен 12 және 24 айға шақталған мерзімді депозиттер бойынша нарықтық мөлшерлемелердің төмендеуі нәтижесінде олар бойынша шекті мөлшерлемелер сәйкесінше 0,4 және 0,1 пайыздық тармаққа азайды. Төмендеуге қатысты бұл үрдіс банктердің дәл осы депозиттерге деген қызығушылығының төмендігін көрсетеді. Өйткені жинақ депозиттермен салыстырғанда олардың ұтқырлығы жоғары. 

Бұл ретте пайыздық маржаның карантиндік шаралардың әсерінен орын алған экономикалық құлдыраудыңсебебінен ықтималды төмендегенін ескерер болсақ, 24 айға арналған жинақ депозиттер бойынша нарықтық мөлшерлемелердің 0,3 пайыздық тармаққа төмендеуі банктердің қор жинауда сақтанымпаздық саясатқа көшкендігін білдіреді.

Ұлттық валютадағы басқа депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері бұрынғы деңгейінде қалды.

 

 


Депозиттер санаты

Толықтырылаптын депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

2020

Қазан

2020

Қараша

2020

Қазан

2020

Қараша

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

6 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

12 ай

10,7

10,3

11,1

10,7

24 ай

9,3

9,2

9,6

9,5

Жинақ депозиттер

3 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

6 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

12 ай

12,3

12,3

14,0

14,0

24 ай

12,0

11,7

13,5

13,2

Соңғы жаңалықтар

Оралда 198 отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 18:28

Доллар қымбаттап жатыр

Экономика • Бүгін, 15:54

COVID-19: Қартаюды жақындатуы мүмкін

Коронавирус • Бүгін, 14:43

Күзенді қырған COVID-19

Әлем • Бүгін, 13:14

Қыстың бірінші күні үсіп қалған

Аймақтар • Бүгін, 12:18

Алтайлық аналар баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 11:20

Ұқсас жаңалықтар