Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Түркістан: Түлектер мұқтаж отбасыға 5 бөлмелі үйді сыйға тартты

54 рет көрсетілді

Түлкібас ауданының орталығындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің 2000 жылы мектеп бітірген түлектері көпбалалы мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі үйді сыйға тартты.

Қасиетті Рамазан айында 20 жылдығын өзгешелеу өткізгісі келген  түлектер осындай шешімге келіпті. Бұл орайда түлектер бүгінгі күнге дейін аудан орталығындағы жалдамалы пәтерде тұрып келген Хажібековтер отбасының тұрмыстық жағдайын ескерген. Көпбалалы отбасы отағасының бірінші топ мүгедектігіне берілетін жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік көмек қаржысына күн көріп отыр. Игі шараға аудандық мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев, жазушы, журналист, қоғам қайраткері М.Байғұт және аудандық «Қоғамдық келісім кеңесінің» төрасы Қ.Анашев бастаған Абай мектебінің 56 жыл бұрынғы түлектері мен ауданның бас имамы М.Серік қатысып, баспаналы болған отбасын жаңа қонысымен құттықтады.

Абай атындағы мектеп-лицейінде осындай жақсы дәстүр қалыптасып отыр. Олай дейтініміз  соңғы екі жыл қатарынан мектеп-лицейдің 1998 және 1999 жылғы түлектері - көпбалалы мұқтаж екі жалғыз басты анаға аудан орталығынан үй алып берген болатын.

Соңғы жаңалықтар

Жаяуға да жаза бар

Қоғам • Бүгін, 19:57

Елбасы Юрий Пяны қабылдады

Елбасы • Бүгін, 19:32

Шығысқа Ресейден газ тартыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 18:47

Ұқсас жаңалықтар