Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Елордада балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылады?

28 рет көрсетілді

Лагерьге 2,2 мыңнан астам жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және «қиын» балалар қабылданады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жазғы демалысқа шыққан оқушылардың ата-аналарын лагерьлердің жұмыс жасауы мен жазғы демалыстың ұйымдастырылуы алаңдатады. Биыл балаларға арналған жазғы демалыс қала сыртындағы лагерьлерде өтеді. «Аrman» туристік-сауықтыру кешені 900 баланы қабылдай алады, 750 орны бар «Боровичок» сауықтыру лагері, 280 орынды «Батыр» шатырлы лагері және 300 бала қабылдай алатын «Тұлпар» лагері жаз айларында жұмыс істейтін болады», - деп Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова бүгінгі брифингте мәлімдеді.

Бұл лагерьлерде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «қиын» балалар мен көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары демала алады. Сонымен қатар, оқушылар сарайында жазғы демалыс академиясы ұйымдастырылады. «Биылғы Халықаралық балаларды қорғау күні

«Барлығы балалар үшін» деген ұранмен өтеді. Жоспарланған іс-шараларға #NS_balalarkuni_bilim хэштегі қойылады. Мейрам күні инстаграм әлеуметтік желісінде балалар психологының, ішкі істер органдары өкілдерінің, адвокаттардың, білім беру ұйымдары мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылады және ата-аналар мен балалар құқықтық көмек пен кеңестер ала алады», - деді Ш.Қадырова.

Спорт мектебінің ашылуы күні жүзік ату, бес тас, асық ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, кір тасын көтеру, қазақ күресі бойынша жарыстар мен мастер-кластар ұйымдастырылады.

Балалар «Соқпақ-тропинка» туристік жолағында кедергілерден өтіп, «Эко ASAR»-ға қатысады. Сонымен қатар, қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы мен «SOS Астана балалар ауылының» тәрбиеленушілері үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар