Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Алматыда жауған ақ жауын сел қаупін тудырды

75 рет көрсетілді

Алматыда соңғы күндері толассыз жауған жаңбыр сел қаупін тудырып отыр. Нөсер салдарынан бірқатар көше мен тұрғын үйлердің ауласын су басып қалды. Осыған орай сақтық шаралары пысықталып, жағдай бақылауға алынған.

Төтеншеліктердің  мәліметінше, былтыр қала аумағында су басу мүмкіндігі жоғары 26 орын анықталған болса, бүгінде 9 учаскеде қауіп сейіліпті. Биылғы жылы қалған 17 нүктеге  құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр.

«Соңғы 3 жыл ішінде қала аумағында 380 шақырымнан астам арық жүйесі жаңартылып, 40 шақырымға жуық өзен арналары нығайтылды. Осы шаралардың нәтижесінде қала аумағындағы су басу жағдайлары 3 есеге төмендетілді. Биылғы су басу кезеңіне қаланың азаматтық қорғау қызметтерінен жинақталған 6481 адам, 1370 техника, 144 су сорғыш, 13 мың қап құм, 70 тонна инертті материалдар дайындалды. Бәрі бақылауда, қажетті күштер мен құралдар толықтай дайын», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

Ұқсас жаңалықтар