Аймақтар • 26 Наурыз, 2020

Қостанай облысында «Біз біргеміз!»: Nur Otan акциясы аясында 4 мыңға жуық адамға әлеуметтік қолдау көрсетіледі

72 рет көрсетілді

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Шекара жабық, шектеу көп. Бүгінгідей сындарлы кезеңде әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандар қамқорлықтан қағажу қалмауы тиіс. Осы мақсатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында қолға алынған бірыңғай республикалық акция қостанайлықтар тарапынан кең қолдауға ие болды. Шараның аймақта жүзеге асу барысы бүгін облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста талқыланды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінге дейін аталмыш акция аясында әлеуметтік қолдау көрсетілетін адамдар анықталып, олардың тізімі жасалған. Бас-аяғы 3 541 адам қамтылған бұл тізімге тұрмысы төмен көп балалы отбасылар, ерекше қажеттілікке мұқтаж адамдар, ІІ Дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен жалғызбасты қариялар еніп отыр.

Акция аясында мұқтаж адамдарға антисептик, медмаска және бірінші кезекте қажет азық-түлік өнімдері жеткізіледі. Атап айтқанда, тізімде тіркеулі әр адам ылғалды және қағаз майлықтар, антисептикалық заттар, сабын, медициналық маска, макарон, қарақұмық, күріш, қант және өсімдік майын алады. Азық-түлік себетінде қара шай, тұз, печенье бар.

Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Күзенбаевтың айтуынша, шараны жүзеге асыру үшін партия мүшелері мен Jas Otan жастар қанатының белсенділерінен еріктілердің мобильді бригадалары ұйымдастырылған. Қазір облыста 250 ерікті 20 бригадаға бөлініп жұмыс істеуде. Акцияның алғашқы күні 443 отбасы көмекке ие болды.

Жиын соңында облыс әкімі А.Мұхамбетов акция аясында атқарылып жатқан ізгі шараларды жандандыра түсуді тапсырды.

 

ҚОСТАНАЙ

Соңғы жаңалықтар

COVID-19: Қартаюды жақындатуы мүмкін

Коронавирус • Бүгін, 14:43

Күзенді қырған COVID-19

Әлем • Бүгін, 13:14

Қыстың бірінші күні үсіп қалған

Аймақтар • Бүгін, 12:18

Алтайлық аналар баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 11:20

Елбасы арманы – елорда

Президент • Кеше

Ұқсас жаңалықтар