Компания облыс орталығында 2011 жылдан бастап еліміздің ішкі нарығына бір ретті пайдаланатын медициналық хирургиялық, акушерлік киімдер жиынтығы, аурухана төсек жабдықтары, жаңа туған нәрестелерге арналған бүктеме жиынтық, медициналық бетперде, телпек, келушілерге аяқ киімге арналған медициналық бахилалар,бір ретті жаялықтар, спиртті майлықтар шығара бастаған.

Ал 2018 жылы фармацевтикалық сала бойынша еліміздегі маңызды жобалар қатарында "МЕРУСАР және К" ЖШС-на министрлік тарапынан ИСО 13485-2003 халықаралық стандартына сәйкес өнімдер шығаруды көбейту арқылы өндірісті кеңейту тапсырылады.
- Біз бетпердені Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласындағы кәсіпорында дайындап келдік. Өткен жылдың соңында осындағы «Ядролық технологиялар паркінің» ішінде орналасқан автоматты түрде жұмыс жасайтын негізгі қондырғы істен шығып қалды. Сондықтан, қазір әзірге тігін мәшинкелерінде қолмен тігудеміз, - дейді компания басшысы Марат Маханов.
Өндіріс ауқымы кеңейген компанияның 2010 жылы Курчатов қаласындағы «Ядролық технологиялар паркі» АҚ-да филиалы ашылады. Павлодардағы кәсіпорын өндіретін өнімнің біраз бөлігі осында жасалады.
Бір тәулікте этиленоксидтің көмегімен газ бокстарында міндетті түрде стерилизациялаудан өтетін 5 мың бетперде дайындалады.
Содан кейін облыс орталығындағы ауруханалар, емханаларға, дәріханаларға түседі. Бетперделер жасайтын шикізат өнімдері Ресейден жеткізіледі. Маталардың тығыздығы 15, 26, 20 болып бөлінеді де, 3 қабатты да бетперделер дайындалуда.
Бір тігінші күніне шамамен 500-1000 бетперде тігеді. Тігіншілердің айтуынша, бір бетперде тігуге 2-3 минуттай уақыт кетеді екен. Екі ауысыммен жұмыс істеп, көлемі 175*19 стандартты бетперделер жасап шығаруда. Бетперденің сатылым бағасы 65 теңге.
- Негізгі қондырғымыз іске қосылғанша біраз күте тұруға тура келер. Сондықтан осындай уақытта егер өзге жергілікті кәсіпкерлер де бетперде тігумен айналысқылары келсе, бөлісе де аламыз. Қазір «Нефтехим LTD» ЖШС бетперде тігу үшін матаны бізден алды. Қажетті шикізат қоры жеткілікті, - дейді Марат Маханов.
Кәсіпорын 2011 жылы ашылған күннен бастап қалыптасып, дамып, медициналық мақсатта киім шығаратын мемлекеттік бағдарламаларға қатысады.
Еліміз отандық тауар өндірушілеріне қолдау көрсету және олардың дамуына жан-жақты жағдай жасауды қолға алуда.
2018 жылға дейін отандық тауар өндіруші тоқымаға жатпайтын, құрамында жасанды жібек пен мақта болмайтын материалдардан медицина мен косметологияға арналған залалсыздандырылған және залалсыздандырылмаған жиынтықтар түрлерін шығарып келді.
Сөйтіп, кәсіпорында жаңа құрылғылар кешенінің арқасында өнімділік бірнеше рет өсті. Автоматты желі құрылғысы 1 мың шаршы метр мата материалдарын дәлме-дәл кесіп береді. Жабдықтарды жаңғырту бағдарламасы зауытта кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.
- Қазір барлық медициналық мекемелер бір реттік пайдалануға арналған бұйымдар жасайды. Біздің компанияда өндіріс 15-20 пайызы автоматтандырылған. Алдағы уақытта автоматты желілерді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Балалар киімін шығарып, балалар киіміне арналған дүкен де ашқымыз келеді, - дейді Марат Маханов.
Кәсіпорынның өнімдеріне тапсырыс берушілердің қатарында Нұрсұлтандағы орталық клиникалық аурухана, Педиатрия ғылыми орталығы, «Республикалық диагностикалық орталығы» АҚ, Нейрохирургия орталығы сияқты орталықтар бар.
Жуырда облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті өңірдегі жіті респираторлық вирустық инфекция мен тұмаудың алдын алу мақсатында төрт жақты келісімшартқа қол қойылды.
Бұл ретте дәрі мен медициналық бетперде бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында облыс әкімдігі, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және облыстық «ҚазМедФарм» фармацевтер мен дәрігерлер қауымдастығы арасында меморандум жасалды.
Павлодар облысы
Суретті түсірген: Қуандық Танабас
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Бүгін, 17:16
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Бүгін, 15:07
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Бүгін, 14:50
Аймақтар • Бүгін, 14:35
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Бүгін, 14:05
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Спорт • Бүгін, 13:28
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:00
Үстел теннисінен Қазақстан чемпиоанатының финалистері анықталды
Спорт • Бүгін, 12:24
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Бүгін, 11:42
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:46
Министрлік қызанақтардан вирус табылды деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 10:12
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Бүгін, 09:40
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Бүгін, 09:20
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • Кеше
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • Кеше
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • Кеше
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • Кеше
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • Кеше
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • Кеше
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • Кеше
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • Кеше
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • Кеше
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • Кеше
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • Кеше
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • Кеше
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • Кеше
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • Кеше
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • Кеше
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • Кеше
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • Кеше
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматыда қалалық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • Кеше
Мәжілісте комитет төрағалары сайланды
Тағайындау • Кеше
Полицейлер сауда үйінен екі ұрыны ұстады
Аймақтар • Кеше
Ақтауда діни мереке кезінде суға түсуге шектеу қойылды
Руханият • Кеше
Парламент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар