Әлем • 12 Наурыз, 2020

Димаштың Киевтегі концерті қалай өтті?

395 рет көрсетілді

Жарқын жүздер, көпшілік хор, сүйікті әншілерімен қосыла ән шырқау, ұрандар жазылған плакаттар мен түрлі елдердің жалаулары, тіпті біреулері қуаныштан көз жасына ерік берген. Украинаның астанасы Киев қаласындағы «Arnau Tour»-дың кезекті концертінде осындай көрініс. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.

Димаштың музыкалық кеші басталуда, ал көрермендер назары толық сахнада, олар алғашқы әнді асыға тосып отыр. Спорт сарайында бірде-бір орын жоқ, көрермендер лық толы. Олардың біреуі осындай кешке алғаш рет куә болып отырса, біреулері сүйікті әншісінің жанды дауысын тағы бір естуге келген.

Димаш сахнаға украин ұлттық костюмін киіп шығып, залдағы көпшіліктің назарын өзіне аударды. Алдымен украин тілінде қымбатты жанкүйерлерімен амандасқан ол көп күттірмей шоуды бастап кетті.

Әнші шара барысында көпшілікке бүгін ерекше жағдайды бастан өткергенін айтты. Киевтегі концерттің ол үшін шын мәнінде маңызы жоғары, өйткені Димаштың талантын осындағы әділқазылар да, тыңдаушылар да алғашқылардың қатарында мойындаған. 2012 жылы Украинада өткен «Шығыс базары» фестивальінде Димаш әйгілі әрі сүйікті «Дайдидау» әнін баршаға алғаш рет ұсынған болатын. Дәл осы телевизиялық конкурста ол өзінің тұңғыш үлкен жүлдесін жеңіп алған еді.

Бұл концерт Димаштың «Golden» атты жаңа әніне бейнебаян түсіріліп жатқандығымен ерекшеленеді. Бұл музыкалық шоудың ең жарқын және әсерлі үзінділері мен көрермендердің көңіл-күйлерін жинайтын тікелей эфирдегі клип болады.

Аталған картина концепциясының басты идеясы – Димаштың  қымбатты жанкүйерлерімен алтындай бағалы байланысы. Қойылым кезінде Димаштың да, оның тыңдармандарының да ғарыштық үнқатысуы болашақта көпшілікке жол тартатын «Golden» әнінің атауына толық сәйкес келеді.

Димаштың украин тілінде ән шырқағаны жанкүйерлер үшін керемет тосынсый және жағымды жаңалық болғанын да айтуға тиіспіз. Әнші әйгілі украиналық музыкант Володимир Верминич жазған өте әсерлі, көпке танымал «Чорнобривці» әнін орындады, ал оның сөзін аты аңызға айналған ақын Николай Сингаевский жазған.

«Чорнобривці» әні қай кезде орындалса да украиндар арасында ерекше сезім тудырды. Сондықтан да Димаш осы туындыны жоғары деңгейде орындап, концертке қатысқан әр тыңдарманның жүрегіне жол тапты деп білеміз.

Ән аяқталған кезде көрермендер ду қол шапалақтап, ыстық ықыластарын білдірді. Димаштың бұл  композициясы барлығының көңілінен шыққаны соншалық, олар көз жастарына ерік берді.

Димаштың анасы Светлана Айтбаева бұл концерттің шынымен ерекше болғанын айтады.

«Мен де жыладым, қуаныштан, толқығаннан, әрине! Сол сәтте бүкіл зал толы көрерменнің жылап тұрғанын көрдім! «Чорнобривці» әні бүгінгі қонақтардың барлығының жүрегі мен сезіміне әсер етті. Украинаға осылай жылы қабылдап, қошемет көрсеткені үшін аналық пейіліммен алғысымды білдіремін», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

SpaceX тағы 60 спутник ұшырды

Әлем • Бүгін, 08:51

«Спартактан» басым түсті

Хоккей • Бүгін, 08:42

Даланы тербеткен сырлы саз

Руханият • Бүгін, 08:38

Елбасы, Луиза және балмұздақ

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:25

Есіл бойына ел қондырған

Таным • Бүгін, 08:21

Елбасы және Түркістан

Оқиға • Бүгін, 08:19

Мерекені мазмұнды өткізеді

Оқиға • Бүгін, 08:18

Кемеңгер келбеті

Руханият • Бүгін, 08:08

Жұмыс ашық ұйымдастырылады

Саясат • Бүгін, 08:04

Шабыт шалқытар шаңырақ

Театр • Бүгін, 08:00

Тарих тудырған тұлға

Елбасы • Бүгін, 07:47

Нұр-аға

Руханият • Бүгін, 07:35

Чемпионат мәресіне жетті

Ауыр атлетика • Бүгін, 07:30

Алтайға ат басын бұрған сәт

Таным • Бүгін, 07:29

Ізгі тілектер легі

Әлем • Бүгін, 07:20

Тиграйдағы қақтығыс

Саясат • Бүгін, 07:18

Байқаушыларды оқытады

Оқиға • Бүгін, 07:05

Ұқсас жаңалықтар