Елбасының тапсырмасы бойынша Бауыржан Байбек аймақтарды аралауды жалғастыруда. Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде ол Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұрғындарымен кездесті.

Өңірдің ауыл шаруашылығын негізінен күріш өсіру саласы құрайды. Шиелі ауылында «Nur Otan» басшылығымен кездесуде шаруа қожалықтарының жетекшілері осы саланы субсидиялау, оны әртараптандыру және суармалы жер көлемін ұлғайту мәселелерін көтерді. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары аталған мәселелердің шешімі әзірленіп жатқан осы аудандарды дамытудың 5 жылдық бағдарламаларында көрініс табатынын атап өтті.
«Тұрғындар бірінші кезекте 16 мың гектардан астам күріш алқабын суаруға пайдаланып отырған Әйтек стратегиялық су торабын жаңғырту жайын алға тартты. Салалық министрліктің су ресурстары комитеті басшылығының айтуынша, биыл жоба-сметалық құжаттама әзірленгеннен кейін торапқа жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Осы жұмыстардың орындалу қарқынын ауыл тұрғындарымен бірге «Nur Otan» партиясы бақылайтын болады», деп жазды Twitter парақшасында Бауыржан Байбек.
Өңірге жұмыс сапары барысында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Жаңақорған ауданы Бірлік ауылының тұрғындарымен кездесті. Орталықтандырылған газбен қамтудың жоқтығы 2,7 мыңға жуық адам өмір сүріп жатқан елдімекеннің – негізгі проблемасы.
«Nur Otan» партиясы Елбасының өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізуде. Өткен жылы партия Съезінде Нұрсұлтан Назарбаев «Құтты мекен» партиялық жобасына бастамашы болып, алдағы бірнеше жылда 1 млн-нан астам қазақстандықты газбен қамту жөнінде тапсырма берді. Жергілікті биліктің мәліметіне жүгінсек, 400-ден астам тұрғын үйді газбен қамту үшін жобалық-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлініпті. Ауылды 2021 жылы газбен қамтамасыз ету көзделіп отыр», деді ол.
Тұрғындар өз кезегінде тағы бір әлеуметтік мәселе – ауылдағы жалғыз балабақшада орын жетіспеушілігін алға тартты. 1974 жылы салынған «Қызғалдақ» мектепке дейінгі мекемесі 65 орынға ғана есептелген. Ал, кезекте 115 бала тұр. Аудан әкімінің айтуынша, көктемде мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде балабақшаға арналған жаңа ғимараттың жұмысы басталады. Жыл аяғына дейін аяқтауға уәде беріп отыр. Партия төрағасының Бірінші орынбасары нысанның белгіленген мерзімде тапсырылуына және ең бастысы, жұмыстардың сапалы атқарылуына «Nur Otan» тұрғындармен бірге бақылау жүргізетінін айтты.
Содан кейін Бауыржан Байбек партияның белсенді мүшелерімен және «Nur Otan»-ның жаңа жақтастарымен бірнеше кездесу өткізді. Кешке қарай партияның қолдауымен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Сыр елінде өтіп жатқан «Абай жолымен» атты республикалық айтысты тамашалады.
Бұл – партияның мұрындық болуымен Абайға арналып өтіп жатқан екінші айтыс. Биылғы сөз сайысының беташары елордада «Адамзаттың алыбы – хакім Абай» атты аламан айтыспен ашылған болатын. Енді ол Сыр еліндегі өнер додасына ұласты.
Айтысты белгілі ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерман жүргізіп, жыр аламанына Серік Құсанбаев, Айбек Қалиев, Әсем Ережеқызы, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан бастаған он екі ақын қатысып, бақ сынады.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары көрермендерге арнап өз лебізін білдіріп, төл өнеріміз – айтыстың маңызына тоқталды.
«Сөз барымтасында Абайдың асыл ойлары мен арман-аңсары, құндылықтары мен ізгі мұраттары азулы айтыскерлеріміздің жырына арқау болды. Өскелең ұрпақтың бойына кемеңгер Абай өсиетіндегі жасампаздық рухты сіңіру – халқымыз үшін де, сол халықтың аманатын арқалаған «Nur Otan» үшін де ең негізгі мақсат. Саяси ұйымымыз үшін айтысты қолдау – ұлттық өнерге деген қамқорлықпен қатар, халқымыздың мұң-мұқтажынан тікелей ақпарат алудың, елге жақын болудың жолы.
Биыл дана Абайдың 175 жылдығына орай республикалық, облыстық және аудандық деңгейдегі 20-ға жуық ақындар айтысы өтеді деп жоспарлануда. Одан бөлек, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған ақындар айтыстары ұйымдастырылады», деді Бауыржан Байбек.
Аламан айтыстың бас жүлдесі белгілі ақын, «Алтын домбыраның» екі дүркін жеңімпазы Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Ал бірінші орынды батысқазақстандық Жансая Мусина иеленсе, екінші орынды Әсем Ережеқызы еншіледі. Үшінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Айбек Қалиев алды.
Еске сала кетейік, Елбасы тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы бірнеше айдан бері орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, алдағы 5 жылға аудандарды, қалаларды және облыстарды дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған бағдарламаларда әрбір жекелеген өңірдің жергілікті ерекшеліктері ескеріліп, азаматтардың нақты қажеттіліктері көрініс табатын болады. Осы жұмыстардың аясында «Nur Otan» партиясының басшылығы еліміздің барлық өңірін, тіпті шалғай елді мекендеріне дейін аралап шығады.
Қызылордада есірткі тасымалдаған тұрғын ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:14
Сенаторлар жол қозғалысына қатысты заң жобасын қарайды
Үкімет • Бүгін, 13:00
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Қоғам • Бүгін, 12:53
Елордада 18 қаңтардан бастап кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
Елорда • Бүгін, 12:47
Петропавлда полицейге шабуыл жасаған ер адам қолға түсті
Оқиға • Бүгін, 12:42
Димаш АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылу салтанатында өнер көрсетті
Әлем • Бүгін, 12:32
Анықтамасыз келген 431 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті
Қазақстан • Бүгін, 12:20
Телемұнарадан түсе алмай қалған жігіт құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 12:09
Қапшағайдағы мұз жамылғысы желі қолданушыларының назарын аудартты
Фотогалерея • Бүгін, 11:59
Бір адам қайтыс болған: Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті
Оқиға • Бүгін, 11:55
Балаларға арналған жәрдемақы дауынан кейін Нидерланд үкіметі отставкаға кетті
Әлем • Бүгін, 11:50
«Almaty Business-2025» аясында 8 млрд теңгені құрайтын 40 жоба қаржыландырылады
Қоғам • Бүгін, 11:45
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Әлем • Бүгін, 11:40
Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Теміржол билеттері қымбаттайды
Қазақстан • Бүгін, 11:19
Түркі елдері халықаралық ұйымдары Әзербайжанға барды
Руханият • Бүгін, 11:13
Әлемге танымал үш ірі компания Беларусьтегі әлем чемпионатынан бас тартты
Әлем • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:56
Көлсай мен Қайыңдыда коньки тебуге бола ма?
Экология • Бүгін, 10:48
Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүріп жатыр - Қазсушар
Экология • Бүгін, 10:47
ШҚО-да зейнеткердің сандығына ұры түсті
Аймақтар • Бүгін, 10:35
ХҒС Қазақстанның ғарыштан түсірілген фотосын жариялады
Қазақстан • Бүгін, 10:33
Сирияда лаңкестердің шабуылынан екі сарбаз қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:28
Әлемде 95 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды
Әлем • Бүгін, 10:18
Елімізде 1000-нан астам жүргізуші жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 10:12
ЕАЭО елдері өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы жаңартуды жоспарлап отыр
Экономика • Бүгін, 10:09
Әлеуметтік осал топтардан шыққан балаларға қандай көмек көрсетіледі?
Қоғам • Бүгін, 09:59
Ресейліктер жаппай вакцина салғызып жатыр
Коронавирус • Бүгін, 09:52
Нұр-Сұлтанда жаңа емхана ашылады
Елорда • Бүгін, 09:49
Жамбыл мектептерінде 222 оқушы қашықтан оқып жатыр
Білім • Бүгін, 09:35
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Өткен тәулікте 468 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
«Самұрық-Қазына» басшысы «Қазатомөнеркәсіптің» 2020 жылғы алдын ала қорытындыларын тыңдады
Экономика • Бүгін, 09:10
Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
«ДАЛА BATTLE»: Көрерменге жаңа жоба жол тартты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Аймақтар • Бүгін, 08:16
Шалқар көлін сақтап қалудың басты жолы
Аймақтар • Бүгін, 08:12
Саяси модернизация кезеңі келді
Пікір • Бүгін, 08:10
Пікір • Бүгін, 08:09
Мәжіліс комитеттерінің құрамы бекітілді
Парламент • Бүгін, 08:06
ҚазҰУ: Жер учаскелерін иеліктен шығаруға өтініш берілген емес
Қоғам • Бүгін, 08:04
Меркельдің орнына Лашет келе ме?
Әлем • Бүгін, 08:03
Коронавирус қайта өршіп келеді
Қоғам • Бүгін, 08:02
Руханият • Бүгін, 07:54
Құрылыс саласындағы инновациялар
Қоғам • Бүгін, 07:49
Ұлттық банктің болжамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 07:47
Спорт • Бүгін, 07:36
Ұлттың жаңа болмысын қалай қалыптастырамыз?
Қоғам • Бүгін, 07:32
«Қайрат» қарымды, «Ақтөбе» алымды
Футбол • Бүгін, 07:30
Оқиға • Бүгін, 07:28
Білім саласын басқару жүйесі өзгерді
Қоғам • Бүгін, 07:25
Басты мақсат – Қазақстанды қуатты елге айналдыру
Саясат • Бүгін, 07:23
Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды
Үкімет • Бүгін, 07:20
Мәлім де беймәлім Байсуфиновтер
Спорт • Бүгін, 07:18
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 07:15
Таным • Бүгін, 07:13
Қаперге алмаған қатерге ұрынады
Қаржы • Бүгін, 07:10
Команда көбейгеннен тартыс күшейе ме?
Футбол • Бүгін, 07:08
«Барлығына қарсы» пікірі де ескеріледі
Пікір • Бүгін, 07:07
Бокс • Бүгін, 07:02
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Кеше
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Кеше
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Кеше
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар