Аймақтар • 27 Ақпан, 2020

Жұрт тілегі назарға алынды

44 рет көрсетілді

Созақ ауданы Қарақұр ауылының ақсақалдары мәдениет үйінің салынғанын, ал Отырар ауданының орталығы Шәуілдірдегі көпқабатты үйлерде тұратын 300-ден астам отбасы өткен ғасырдың 70-80-жылдары пайдалануға берілген инженерлік инфрақұрылымның тозуы салдарынан мардымсыз берілетін жылу мәселесінің шешімін тапқанын қалайды. Ал Түркістан қаласынан «Әдебиет әлемі» орталығын ашу қажет.

 

Осы сынды мәселелер Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Түркістан облысына іссапары барысында тұр­ғын­дармен кездесуінде көтерілді. Оты­рарлықтар айтқан мәселеге қатысты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жылу қазандығын салуға, жүйелерді жаңалауға бюджеттен 700 млн теңге қарал­ға­нын жеткізді. Мәселе жыл со­ңына дейін толығымен ше­ші­леді. Негізгі қазандықтың құ­ры­лысына қаражат қаралған. Ауыл тұр­ғындары көтерген мәсе­лені шешу партия бақылауына алынды.

Ал «Отырар» мұражайында өңір­­дің зиялы қауымымен кезде­суінде Б.Байбек елде атқа­рылып жат­қан жұмыстар мен партиялық тапсыр­ма­лардың орындалу барысын баяндап, саяси ұйымның алдағы жоспарларымен бөлісті.

Партия еліміздегі өзекті мәсе­лелердің ашық айтылуына айтыс өнері арқылы септігін тигізбек. Бұл орайда биыл елімізде 70-тен астам айтыс партия ұйымдас­ты­руымен өткізіледі. «Біз айтыс өнерін қолдау арқылы мәсе­ле­­лерді ашық көтереміз. Сол үшін айтыскерлерді қолдаймыз. Жал­пы, айтыс қазақтың көнеден келе жат­қан дәстүрі. Сондықтан оны қол­дау керек»,  деді Б.Байбек.

Сондай-ақ Түркістан облысы­ның зиялы қауым өкілдерімен кездесуде көпті толғандырып жүрген әдебиет жайы, елдің ынтымақ-бірлігін нығайту тара­пындағы ұсыныс-пікірлер ортаға салынды. Мысалы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Мархабат Байғұт Түр­кіс­тан қаласынан «Әдебиет әлемі» орта­лығын ашуды ұсынды. Бұл жоба жүзе­ге асса, ғимаратсыз жүрген жазушы­лар мен журналистер одақтарының фи­лиалы сонда орналасып, жаңа облыс орталығын қалыптастыруға ық­пал етеді. Түрлі әдебиет үйір­меле­рі ашылып, жас айтыскерлер мен жаз­ба ақындар, жазушылар бас қоса­тын өнер орталығына айналады деп есеп­тейді жазушы. Сонымен қатар басқосу барысында әл-Фараби және Абай сынды ойшылдарымыздың мерей­­тойларын тағылымды деңгейде өткізу жайы қозғалды.

Түркістан қаласында белсенді жас­тармен кездесіп, бірқатар мә­селе­ні талқылап, пікір ал­мас­қан  пар­тия Төрағасының бірін­ші орынбаса­ры сапарын Жетісай ауданында жал­ғас­тырды. Абай ауылдық окру­гінде­гі кездесуде шаруа қожа­лық­тары­ның төрағаларымен бірге ағын су, суб­сидия мәселелері талқы­лан­ды. Ал Қа­зы­бек би ауылдық окру­гінде «Қамқор­лық» бағдар­ламасы бойынша қолдау көр­се­тілетін жағдайы төмен отбасы­лар­­мен, Жетісай қаласында денсау­лық сақтау саласының қызмет­керлерімен кездесті.

Б.Байбек өңірге Елбасы тапсырмасы бойынша алдағы бес жылға аудандар­ды, қалаларды және об­лыс­­­тарды дамытудың жаңа бағдар­ламасын әзірлеу мақ­са­тындағы жұмыс­тар аясында келгенін айта кетелік. Аталған бағдарламада әрбір жекелеген өңірдің жергілікті ерекшеліктері ескеріліп, азаматтардың нақты қажет­ті­ліктері көрініс табатын болады. Осы жұмыстардың аясында Nur Otan пар­тиясының басшылығы еліміздің барлық өңірін, тіпті шалғай елді мекен­деріне дейін аралап шығуды көздеп отыр. Түр­кістан облысына сапары барысында Б.Байбек өңір тұрғындары көтерген мәсе­лелердің оң шешімін табуы тікелей партия бақылауына алы­натындығын жеткізді.

 

Түркістан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар