Спорт • 26 Ақпан, 2020

Оңтүстік Корея шорт-тректен әлем чемпионатын өткізуден бас тартты

29 рет көрсетілді

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында 13-15 наурыз күндеріне жоспарланған шорт-тректен әлем чемпионаты өтпейтін болды деп хабарлайды Olympic.kz

Бұған себеп – елде коронавирустың өршуі. Сеулдің ресми түрде біріншіліктен бас тартқаны туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы да (ISU) растап отыр.

«ISU Сеулдегі коронавирусқа қатысты жағдайды үнемі бақылауда ұстап, ең соңына дейін жақсылықтан үміттенгенін мәлімдеді. Алайда, Оңтүстік Кореяның конькимен жүгірушілер одағы Сеулдегі құзырлы органдардың жарыс өтуі тиіс Мокдонг мұз айдыны сарайын жауып, жоспарланған іс-шараларады толығымен кейінге шегергенін жария етті. Осыған байланысты, шорт-тректен 13-15 наурыз аралығында өтуі тиіс әлем чемпионаты белгісіз мерзімге кейінге қалды. Әзірге, әлемдік доданың нақты қашан және қайда өтетіні анықталған жоқ», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар