Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Алматыда жаңа автобус бағыттары іске қосылды

260 рет көрсетілді

Алматыда  №215 және №226 автобус бағыттары іске қосылды. Бірінші бағыттың арақашықтығы 40, ал екінші бағыттыкі 14.3 шақырымды құрайды деп хабарлайды inAlamty.kz.

«Олжас LTD» ЖШС қарасты №215 бес маршрут Алматы облысының Ынтымақ ауылынан Сүйінбай даңғылындағы Түрксіб базарына дейін қатынайтын болады. Екі бағытқа барып-қайту 120 минут. Екі бағыттың арақашықтығы 40 шақырым. Автобустардың қатынау аралығы – 24 минут. Жұмыс кестесі 6.00-де басталып, 22.40-та аяқталады. Тасымалдаушы мәліметтері бойынша, 2016 жылы шыққан автобустар қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.  

Ал №226 бағыт «Думан транс» ЖШС-не тиесілі. Жаңатұрмыс ауылынан Наурызбай ауданындағы Гроза аялдамасына дейін келеді. Бұл бағыттағы көліктер кешкі 23.00-ге дейін күніне 8-9 рейс жасайды. Автобустардың қатынау аралығы 10-14 минут.

Қала әкімдігінің мәліметтері бойынша, ағымдағы жылы 24 жаңа автобус бағыттары іске қосылып, 291 көлік жүретін болады. Осыған орай қала әкімшілігі электроавтобустар және газбен жүретін көліктерге басымдық беретін болады.

 АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Музейлер, тарихи мұралар жаңғыртылуда

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Бір түнде бес мас жүргізуші анықталды

Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2020

Қазақстан Туын қайдан сатып алуға болады?

Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2020

Ұқсас жаңалықтар