Аймақтар • 26 Ақпан, 2020

Алматыда жолаушы тасымалдаушылар үшін бірыңғай Instagram-аккаунт қосылды

16 рет көрсетілді

Instagram аккаунт @almaty_avtobustary қаладағы барлық автобус парктеріне қатысты. Онда тасымалдаушылар, жүру кестесі мен бағыттар жайында ақпараттар жарияланып тұратын болады.

Аккаунтта жолаушылар өз ұсыныстары мен жедел шешуі тиіс  мәселелерді, сондай-ақ жолаушы тасымалы сапасы жайында жариялай алады. Қазіргі кезде аккаунтта барлық тасымалдаушылар жайында толыққанды ақпараттар жинақталуда.

Жолаушылар тасымалы қауымдастығы мәліметтеріне сүйенсек, жолаушыларға қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында ашылған аккаунт туындаған мәселелерді дер кезінде шешуге ықпал етеді. Ол өз кезегінде қаладағы қоғамдық көлік сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Кеше

Ұқсас жаңалықтар