Аймақтар • 23 Ақпан, 2020

Семейде студенттер сөйлеу мәдениетін талқылады

89 рет көрсетілді

Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің  Семей жобалық кеңсесінде «Сөйлеу мәдениеті – ұстаздың этикалық мәдениетінің бір бөлшегі» тақырыбында  ашық пікір алаңы ұйымдастырылды.

Аталмыш университеттегі жаратылыстану және математика факультетінің студенттерімен кездескен Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анар Қуангалиева мен  Семей жобалық кеңсесінің  қызметкері Шырын Қауановалар сөйлеу мәдениетін дамыту, тұлғаның сөйлеу этикасын қалыптастыру туралы маңызды әңгіме қозғап, өмірдегі өз тәжірибелерімен бөлісті.  Еркін форматтағы пікір алаңында студенттер лекторлардың дәрісіне қызығушылық танытып, әртүрлі сауалдар қойып, өз пікірлерін де білдірді. 

-Сөйлеу – жеке адамның ғана қажеті емес, қоғамдық сипаты мол қасиет екені белгілі. Әсіресе, шәкірт тәрбиелейтін ұстаз болашағымыздың айнасы екенін ескере отырып, жастардың дұрыс сөйлеу мәдениетін дамытуды бүгінгі шарамен ұштастырдық,- дейді факультеттің аға кураторы Айгүл Көбегенова.

-Біз күнделікті өмірде әртүрлі адамдармен қарым-қатынас орнатып, түрлі шешімдер қабылдаймыз,-деді Шырын Қауанова,-сырттай қарағанда адамдардан айтарлықтай өзгешеліктер де байқамаймыз. Себебі, күнделікті киген киімі, кескін келбеті оның сыртқы әлемін ғана танытады. Ал егер, тілдесе бастасақ, ол адамның кім екенін, өмірде қандай екенін сөйлегенінен бірден байқауға болады.  Менің ойымша, сөйлеу бұл- әр адамның жеке коммуникациялық құжаты. Сөйлеу мәдениетін білу-өнер.  Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы  да – дұрыс сөйлей білу. Қоғамда әсіресе, жастар арасында сөйлеу дағдысының дағдарысқа ұшырап бара жатқанын жиі байқауға болады.

Ашық пікір алаңында болашақ педагогтармен көптеген мәселелер қозғалды. Тілді дамытуда үздіксіз ізденіп, қажымай-талмай  көп оқу арқылы сөйлеу этикасын қалыптастыру керектігі де айтылды.  Сөйлеу дағдысын қалыптастыруға байланысты арнайы жаттығулар, қызықты кітаптар ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар