Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Өзбек ағайындар той шығындарын шектей бастады

1451 рет көрсетілді

Орталық Азияның барлық елдерінде  шамадан тыс ауқымды отбасылық мерекелер мәселесі ұзақ уақыттан бері бар, бірақ кейбіреулер оны кейбір мифтік дәстүрлер үшін қолданады. Мысалы, Қырғызстанда түрлі есеп бойынша, жылына шамамен екі миллиард доллар, яғни елдің сыртқы қарызының жартысына жуық ақша той-томалақ өткізуге жұмсалады екен. Ал қазақстандықтардың тойға жұмсаған шығандары сыртқы қарызымыздың қанша пайызын құрайтынын әлі ешкім есептеп үлгерген жоқ. Той шығыны қазақ-өзбекпен салыстырғанда аса ерекшелене қоймайтын өзбек бауырларымыз үнемделуді, белді бекем бууды тойдан басатамаққа кірісіп кетті.   

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев алғаш рет 2018 жылдың шілдесінде Алмазар облысының активтерімен кездескенде осыған назар аударды. Мемлекет басшысы мұндай сән-салтанатқа әркімнің қолы жете бермейді, бірақ олар басқаларға еліктеп, қиыншылыққа тап болуға тырысатынын атап өткен болатын. Үйлену тойлары, еске алу және отбасылық мерекелер көлемін шектеу туралы шешім қабылданды. Бұл талаптар 2019 жылдың күзінде құжатталды. Сонымен, еске алу рәсімдеріне шақырылған адамдардың ең көп саны 200 адамнан, таңертеңгілік үйлену тойына (палау) - 250 адамнан аспауы керек. Үйлену тойындағы автокөліктердің санына келетін болсақ, жолдарда қиындық туғызбау үшін оны үшке дейін қысқарту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ уақыт шегі енгізілді: үйлену тойлары бір күннен аспауы керек, барлық мерекелік іс-шаралар қатаң түрде 06:00-ден 23:00-ге дейін. Ұлттық салт-дәстүр мен этикаға жат экстраваганттардың барлық түрлері жойылды. Мұндай көрінетін жеке өмір салтын реттеуге тұрғындар екіұшты жауап беріпті. Басым көпшілігі  біреулер мұны олардың құқықтарын бұзу ретінде қабылдағандарын жасырмаған.

Өзбек басылымдары сарапшылардың, құзырлы органдардың өкілдерінің пікірлерін бірінен кейін бірі жариялап жатыр. Өткенге көз жүгіртсек, бұл тақырып осыдан 100 жыл бұрын да дәл қазіргідей қаны жерге тамбай тұрған тақырып болыпты.  Атақты өзбек зерттеушісі Махмудходжа Бехбуди 1915 жылға арналған Family Journal-да былай деп жазды: «Егер біз ақшаларымызды мол тойлар мен жерлеу рәсімдерінің орнына ғылым мен дінге жұмсамасақ, біз еуропалықтар сияқты дамып, прогреске жетіп, дінімізге деген құрметті күшейтеміз. Олай болмаған жағдайда, біз кедейлік пен білімсіздік жағдайында қаламыз»,  деп еске алды Олий Мажлис Сенатының жастар, мәдениет және спорт комитетінің төрағасы Бахтиёр Сайфуллаев.

Оның айтуынша, бүгінде өзбек үйлену тойлары азиялық немесе еуропалық емес, барып тұрған талғамсыздықтың  балапандарын балалатып жатыр.  Мұның бәрі билік органдарын тиісті шаралар қабылдауға мәжбүр етті. Сенатор адамдардың қарыздарын шет елде қажырлы еңбекпен тапқан қыруар қаржыны азайту үшін керемет тойлардың басты зияны деп атады.

«Яғни, ақша табуды білген адам әлі де рухани жағынан кедей, ол сән-салтанатпен және басқа да рәсімдермен беделдің жетіспеушілігін өтеуге тырысады», - деп қорытындылады депутат. Сенаттың жастар, мәдениет және спорт комитеті төрағасының орынбасары Дилором Ташмухаммедова азаматтар өте қымбат бағаға сатып алған және тойларға ғана лайықталған киімдерін  адамдарға көрсетуге тырысады. Бұрын күнделікті өмірінде киюге себеп таппаған жахұттан көмкерілген   қымбат алқалары,  жарқыраған көйлектерінің көмегімен бір кешті естен кетпестей өткізуге тырысып бағады.

«Өкінішке орай, әйелдердің көпшілігінде бұл«арман»бар, бұл керемет рәсім арқылы өз отбасының әлеуметтік мәртебесін көтеруді қалайды. Көбісі өзгелер көрген сәнді рәсімді жасамаған болса, өздерін төмен сезінеді», - деді Ташмұхаммедова.

Ол қазіргі өзбек жас отбасыларының бірге тұруға және шығындарды жоспарлауға дайын еместігін алаңдаушылықпен айтады. «Көптеген келіншектер немесе жігіттер үйлену тойындағы басты мақсат ата-анасының  бір той жасап, ағайын алдында бір шашылып қалу немесе бұрын өзгелерге тойға өткізгендерін қайтарып алумен байланыстырады. Олар үйленеді, тіпті некенің негізгі құндылықтары, отбасы экономикасының қалай дамитыны туралы түсініктері жоқ»,  деп толықтырды Ташмұхаммедова.

Республикалық руханият және білім беру орталығының жетекшісі Минхожиддин Ходжиматов мұндай сәннің қайдан пайда болғанын және неге заңдық әдістермен мемлекеттік деңгейде күресу керек екенін былай деп түсіндіріп беріпті.

«Бес саусақ бірдей емес. Адамдардың қоғамдағы мәртебесі де бірдей емес. Бірақ отандастарымның қарызданып той жасап, ұл-қыздардарының көңілдерін әлеуметтік мәртебесі жоғары отбасыдағы құрдастарымен теңестіруге тырысады. Бұл мүмкін емес қой», дейді ол.     

Ол шығыны батпандай, керемет мерекелерді тек жеке отбасының ісі, оған ешкім араласуға болмайды  деп санайтындармен келіспейді, мұндай әрекеттер бүкіл қоғамдағы моральдық қағидалар мен әлеуметтік тепе-теңдікті бұзып, адамдардың қарызға белшесінен батуға жол беретінін айтады.  Оның пікірінше, тіпті дін де   басы артық шығынға жол беретін сән-салтанат пен менмендікті қолдамайды. Ал дін қолдамаған бәтуа бермеген кез келген құбылыс күнәмен бірдей.

«Менмендік және адамдарды мадақтау үшін жасалған үстел, артық тамақ сияқты ысырап. Шамадан тыс мақтаныш пен ысырапшылдық адамды үлкен қателіктерге итермелейді», - деп еске алды рухани-ағарту орталығының жетекшісі.

Ол сондай-ақ адамдардың санасына батпандап кіріп шығатын жағымсыз құбылыстардың мысқалдап шығатынын да еске алып, тек заңмен ғана шектей алатынын айтып өтіпті.  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізе алсақ, дарақылықты жана қалайтындарға айыппұл салынады, тойға жұмсалған қаржының қандай табыс көзінен алынғаны туралы жауап беру  керек. Бұл – міндетті.  Адамдар осындай әрекеттерден кейін ғана шектен шығып кеткен әсіре бәсекелестігіне тиым сала алатын шығар», деп сөзін түйіндепті. Минхожиддин Ходжиматов.

Орталық Азия емес, Орта Азияда озық ұлт болуға белді бекем болған өзбек ағаларымыз осылайша басы артық шығындардан өзін  шектеуге үндей  бастады. Ал біз ше?

 Бұған дайынбыз ба? 

Соңғы жаңалықтар

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Кеше

Ұқсас жаңалықтар