"Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жақсарып келеді" деген сөзді жиі естігенімізбен, оның дамыған шетелдердің деңгейіне жетуі әлі де кешеуілдеп жатқанын өмірде көзімізбен көріп жүрміз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 1 қыркүйектегі Жолдауында "Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек", деген еді. Сонымен қатар электронды қызмет көрсету барысында халыққа жеңілдік жасау үшін биометрияның қолданылуын арттыру да айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Осыған байланысты бұрынғыша ХҚКО немесе әкімдікке барып қана шешілетін қызметтің қазір қолданылатын отандық ІТ технологияның көмегімен дамуы аймақта қандай деңгейде екенін сұрап Мемлекеттік қызмет агенттігінің облыстағы департаментінің басшысы Елена Степаненко мен облыстағы Кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Жеңіс Қазиевке қайрылған едік.
"Халық бізден көрсетілетін қызметтің жедел, сапалы және нәтижелі болуын күтеді", деп бастады өзінің сөзін Е.Степаненко.
Бүгінгі таңда біз халыққа көрсетілетін 698 қызметтің 93 пайызын электронды форматта жасай аламыз. Сонымен бірге қызметтерге мониторингтер жасау барысында меморгандарға қосымша ұсыныстар да жасап отырамыз. Тек биыл ғана біз мемлекеттік органдарға қызмет көрсету бойынша 157 ұсыныс түсірдік. Қазір Еgovmobile қосымшасындағы 73 түрлі аса қажетті қызметтерді алуға болады. Қызмет көрсету туралы өтінішті Facebook, ВКонтакте, Telegram секілді әлеуметтік желілер арқылы да жіберуге болады. Еgovmobile мобильді қосымшасында жеке куәліктің, жүргізушілік куәліктің, туу туралы куәліктің және т.б. цифрлы құжаттары бар. Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандықтар
барлық мемлекеттік қызметтің 92,5% электронды формат түрінде алып отыр. Халықтың қызметті осылай алуға деген ынтасы зор.
Одан әрі Е.Степаненко "Электронды үкімет" порталын қалай қолдануды түсіндіретін нұсқама әзірленіп, ол әлеуметтік желілерге салынғанын айтты.
"Сонымен бірге Instagram-да "e-gov бойынша мемлекеттік қызметті қалай алуға болады" деген парақша да аштық. Оған ақпараттық материалдар салынды. Нұсқамаларды ПИК-тер және волонтерлер арқылы да таратудамыз. Сондай-ақ тұтынушылардың коммуналдық қызметтер жөніндегі жеке кабинеттеріне де қойдық", деп сөзін жалғады департамент басшысы.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы қалай тексеріледі деген сұрағымызға Е.Степаненко ханым сыртқы және ішкі мемлекеттік бақылау жүйесі жұмыс істейтінін айтты. Департамент сыртқы бақылау мен қызмет көрсетушілердің жұмысын сараптауды жүйелі түрде жүргізіп отырады. Биылғы бақылаулар барысында бірнеше бұзушылықтар анықталды. Олар негізінен құжаттарды алудың мемлекеттік стандарттарға сәйкес еместігі болды. Сонымен қатар қызмет көрсетудің мерзімі сақталмайтындығы да көп кездесті. Егер салалар бойынша қарастырсақ мұндай бұзушылықтар көбінесе еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, жер қатынастары, архитектуралық-қала құрылысы істерінде көп кездесті. Бұзушылықтардың 99,4% жергілікті атқарушы органдар тарапынан болған. Кейбір мемлекеттік органдардың басшылары өз қызметкерлерінің халықтан талап етілетін ақпараттық жүйенің қандай болуы керектігін білмейтініне назар аудармайды. Біз кейбір мамандардың халықтан талап етілуге тиісті емес жеке куәліктерінің, туу туралы куәліктерінің көшірмесін талап еткенін көрдік. Кейде тіпті күлкілі жағдайларға да жол беріліп қалады. Мысалы, бір қызметкер балиғатқа толмаған сәбиге мемлекеттік қызмет көрсеткен. Мұндай қызметтер оның заңды өкілдері, яғни не әкесіне, не анасына көрсетілуі керек-ті... Тағы бірде бір жер құрылысы компаниясының қызметкері жердің қаншалықты бос екендігін рулеткамен анықтаған. Нәтижесінде, бір жер учаскесі екі адамға беріліп шыға келген.
Сөзінің қорытындысында Елена Федоровна департаменттің азаматтардың құқын қорғау жолында еңбек ететінін айтты. Түрлі бұзушылықтар қызмет көрсетушілердің жұмысына тиімді бақылау болмағандықтан болады. Өз тарапымыздан біз жіберілген бұзушылықтарды қалай түзетуге болатындығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Сонымен бірге мемлекеттік қызмет көрсетушілердің тәртіп бұзғандығы немесе қызметтің мерзімін бұзғандығы үшін жауапкершілік те жүктеледі. Мәселен, биыл 326 мың теңгенің айыппұлы салынып, 10 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен бірге мемлекеттік органдар өз іштерінде де бақылаулар жүргізіледі. Департамент қызметкерлері осындай 46 бақылауға сарапшы ретінде қатысты. Осындай бақылаулар мен түсіндірме жұмыстарының артқандығының арқасында бұзушылықтар саны 2 есеге дейін азайды. Сөйтіп біз мемлекеттік органдармен бірлесе отырып "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын жергілікті жерде жүзеге асырудамыз.
Мемлекеттік қызмет департаментімен Кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы айтуды Жеңіс Қазиевтен өтінгенімізде ол өзінің екі ведомство арасындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының төрағасы екенін айтты.
"Жұмыс тобының құрамында кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар. Біздің тобымыздың ұсынысы бойынша мемлекеттік органдар жұмыстың жаңа форматына көшуде. Мәселен, барлық аудандар мен облыс орталықтарында "Ашық әкімдіктер" ашылған. Олардың бәрі бірлескен 109 iKomekке қсылған. Қазірдің өзінде мұнда "Агро Көмек" атты қызмет көрсету жұмыс істейді. Онда ауылшаруашылығы мамандары, ветеринарлық бақылау қызметкерлері және т.б. азаматтарға консультативтік кеңестер бере алады. Осының арқасында үстіміздегі жылдың 9 айында ауылшаруашылығына берілетін субсидиялар 48,5 млрд. теңгеге дейін артты. Облыстағы 165 шаруашылық егістерінің электронды карталарын жасады, GPS трекерлер мен ЖЖМ датчиктерін орнатуға қол жеткізді. Бүгінгі таңда барлық егіс даласы 100% цифрландырылды. Ал бұл 4,9 млн га деген сөз. Осының өзі мемлекеттің бизнесті барынша қорғап отырғанын көрсетпей ме? Бұрын шаруа бір құжат алу үшін жұмысын тоқтатып қойып меморгандардың есігін қағып жүретін еді, қазір ондайдың бірі де жоқ. Маған мемлекеттік органдардың клиенттеріне оң қарайтындығы ұнайды. Жақын болашақта біз мемлекеттік қызметтер алу бойынша Сингапур мен Канаданың деңгейіне жетерміз деген үміттемін", деді Кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Жеңіс Қазиев.
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Бүгін, 22:12
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Бүгін, 18:50
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 17:49
Францияда бір тәулікте 16 мың адамнан коронавирус анықталды
Әлем • Бүгін, 17:11
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Бүгін, 16:42
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Бүгін, 15:34
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Интернет-алаяқтық жасаған 97 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:20
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Бүгін, 12:05
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 11:45
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 09:53
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар