Қоғам • 02 Желтоқсан, 2020

Елордада әскери кітапхананың ашылуы өтті

13 рет көрсетілді

Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери кітапхана ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кітапхана қорында бес мыңнан астам кітап бар. Олар электронды форматқа көшірілді.

Аса құнды тәжірибе мен әскери тарих туралы терең білім жазушылардың, әскери жетекшілер мен ғалымдардың көптеген еңбектері мен басылымдарында көрініс тапты. Олардың ішінде еліміздің Қарулы Күштерінің қалыптасуы мен дамуына арналған қазақстандық авторлардың кітаптары мен ғылыми еңбектері аз емес.

Кітапхана қорында жинақталған кітаптар Қарулы Күштердегі тәрбие және идеологиялық  жұмысқа жауапты офицерлерге, сондай-ақ әскери тарих қызықтыратындардың барлығына пайдалы дүние болмақ.

Кітапхана заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Онда оқырмандар үшін барлық жағдай жасалған.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар