Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2020

СҚО-да үш автокөлік соғысып қалды

42 рет көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысындағы жол трассасында үш автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Апат 30 қарашада сағат 13 сағат 30 минут шамасында Петропавлдан аудан орталығы Булаево селосына апаратын автожолда болған. Mitsubishi Pajero жүргізушісі алдында тоқтап тұрған Volkswagen Transporter мен ВАЗ 2115 автокөліктерін қатты соққан. Ал олар жолды кесіп, өтіп бара жатқан жабайы жануарға жол беріп тежелген екен.  Соғылудың нәтижесінде екі көлік те трассадан ұшып кеткен. Автокөліктің біріндегі екі жолаушы дене жарақаттарын алған.

"ЖКО фактісі бойынша ӘҚтК 610-бабымен материал жиналды. Шешім қабылдау үшін барлық материалдар Қызылжар ауданының сотына тапсырылатын болады", дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әлихан Байқадамов.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар