Мына әңгімені жақында белгілі журналист Қуаныш Нұрсадықовтан естідік. Сонау ел ішінде дүрбелең тудырған 1937-1938 жылдары ауыл белсендісі атанып жүрген атасы Нұрсадық «жапон тыңшысы» деген жаламен жазықсыз сотталып, Иркутск облысындағы Канск деген қалаға жер аударылады.

Жалғыз емес, қасында ағасы Мүсірәлі мен туған жері Катонқарағай ауданынан тағы оншақты адам болған. Бұлар Сібірдің қалың орманының ішінде ағаш кесумен айналысады. Қарындары аш, үстіне киген киімдері де оңып тұрған жоқ, тек тоқтаусыз қызу еңбектің арқасында қыстың суығына төтеп беріп жүреді.
Бұлар жұмыс істеген жерден 4-5 шақырымдық қашықтықта бір орыс селосы бар екен. Сол селодан күн сайын жасы 9-10 шамасындағы орыс баласы қолына түйіншек ұстап келеді. Ол түйіншегін кесілген томар үстіне қойып, асықпай жазғанда ішінен бірнеше піскен картоп, кепкен балық, тұздалған қияр, пияз және қара нан шығады. Алғашқы күндері тұтқындарға тамақ әкелген балаға осқырына қараған конвой солдаттар да бұл жағдайға ет үйретіп, тұтқындардың тамақ жеуіне қарсы болмайды. Осы жағдай күн сайын қайталанады.
Көзіне мұң тұнған секпіл бет орыс баласы көп сөйлемейді екен. Сұрастырып білсе, баланың әкесі де ГУЛАГ лагерлерінің бірінде отырған көрінеді. Бұларға күнделікті тамақ әкеліп тұруына осы жағдай да түрткі болған секілді. Тұтқындардың бәрі, тіпті оларды аңдитын солдаттар да жаңағы баланы жақсы көріп кетеді. Қолдарына түскен қанттарын сол балаға сақтап беріп жүреді. «Сен бізге көп келе берме, мына қалың орман ішінде ит-құсқа жем боларсың» дегендей ақылдарын да айтады. Бірақ бала бұларға күнделікті келуін доғармайды.
Дегенмен бала бір күні тұтқындарға келуін тоқтатады. Бір күн, екі күн өтеді, бір аптадай уақыт өтеді. Бала келмейді. Тұтқындар қатты мазасызданады. Өздерін күзететін конвойлардан «баланы іздеп шығайық, ол бірдеңеге ұшыраған болар» деп сұрай берген соң, конвойлар да бұлардың ығына жығылып, ақыры іздеп шығады.
Бұл кез жазға салым уақыт екен. Қарақат бұтасына ілініп қалған баланың көнетоз картузы тұтқындардың көзіне оттай басылады. Сол бұтаның түбінен баланың шашылып қалған сүйегі табылады. Бала жыртқышқа жем болғанға ұқсайды. Әлгі жерде жыламаған жан қалмайды. Бұларға тамақ әкеліп жүрген періште баланың аянышты өлімі бәрінің сай-сүйегін сырқыратады. Дегенмен іргедегі селомен хабарласуға болмайды. Өйткені түрме басшылығының рұқсатынсыз тек конвойлардың келісімімен ғана іздеуге шығып отыр. Әлгі жерде баланың сүйегін жинап алып жерлеп, келген іздерімен кері қайтады.
Міне, қандай қиын замандарда адамдар бір-біріне соншама мейірімді болған. Біз «халық жауларының» Ресейден әкелініп АЛЖИР лагеріне қамалған әйелдеріне қазақ балаларының да тамақ тасығанын, құрт лақтырып тамақтандырғанын білеміз. Сол бір ашқұрсақ азапты заманның бір ақиқаты – адамдардың бір-біріне деген мейірімі, қамқорлығы еді ғой. Қазір қайда сол мейірім?!
Бірін-бірі жеккөру, ұлттар арасына от жағу мен нәсілшілдік – қазіргі заманның басты дерттерінің бірі дер едік. Мұның оқыс салдары қазір дүние жүзінің әр түкпірінен оқтын-оқтын бой көрсетіп қалады. АҚШ-та қара нәсілді Джордж Флойдтың полицейлер қолынан тұншығып өлгені елде үлкен толқулар тудырды. Таяуда Таулы Қарабақ үшін болған ұрыс қимылдарының да түтіні әлі сейіле қойған жоқ. Дүниежүзілік қауымдастық ақыл айтып, екі жақты бейбітшілікке шақырғандары болмаса, бұған араласқан жоқ. Себебі, әзербайжандар өздерінің басып алынған аумағын азат етті. Енді осындағы назар аудартатын бір оқыс жағдай, өздері мекендеген өңірден көшіп кетіп жатқан кейбір азаматтар өздері тұрған үйлерді өздері өртеп, тіпті қайтыс болған адамдарының мүрдесіне дейін қазып алып, өздерімен әкетіп жатыр екен.
Айта берсек, осы тектес адамның ойына сыймайтын әрекеттер күн сайынғы жаңалықтар хроникасында көрініс табуда. Халықтың басына күн туған қиын кезеңде өз басын қатерге тігіп жүріп басқаларға көмек қолын созған фактілер көп. Ал қазір ше?! Біздің қоғамда ізгілік азайып бара жатқан жоқ па?!
ШҚО-да зейнеткердің сандығына ұры түсті
Аймақтар • Бүгін, 10:35
ХҒС Қазақстанның ғарыштан түсірілген фотосын жариялады
Қазақстан • Бүгін, 10:33
Сирияда лаңкестердің шабуылынан екі сарбаз қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:28
Әлемде 95 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды
Әлем • Бүгін, 10:18
Елімізде 1000-нан астам жүргізуші жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 10:12
ЕАЭО елдері өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы жаңартуды жоспарлап отыр
Экономика • Бүгін, 10:09
Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталады
Коронавирус • Бүгін, 09:52
Нұр-Сұлтанда жаңа емхана ашылады
Елорда • Бүгін, 09:49
Жамбыл мектептерінде 222 оқушы қашықтан оқып жатыр
Білім • Бүгін, 09:35
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 09:32
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:23
Өткен тәулікте 468 адам коронавирустан айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
«Самұрық-Қазына» басшысы «Қазатомөнеркәсіптің» 2020 жылғы алдын ала қорытындыларын тыңдады
Экономика • Бүгін, 09:10
Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:01
«ДАЛА BATTLE»: Көрерменге жаңа жоба жол тартты
Оқиға • Бүгін, 08:27
Аймақтар • Бүгін, 08:16
Шалқар көлін сақтап қалудың басты жолы
Аймақтар • Бүгін, 08:12
Саяси модернизация кезеңі келді
Пікір • Бүгін, 08:10
Пікір • Бүгін, 08:09
Мәжіліс комитеттерінің құрамы бекітілді
Парламент • Бүгін, 08:06
ҚазҰУ: Жер учаскелерін иеліктен шығаруға өтініш берілген емес
Қоғам • Бүгін, 08:04
Меркельдің орнына Лашет келе ме?
Әлем • Бүгін, 08:03
Коронавирус қайта өршіп келеді
Қоғам • Бүгін, 08:02
Руханият • Бүгін, 07:54
Құрылыс саласындағы инновациялар
Қоғам • Бүгін, 07:49
Ұлттық банктің болжамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 07:47
Спорт • Бүгін, 07:36
Ұлттың жаңа болмысын қалай қалыптастырамыз?
Қоғам • Бүгін, 07:32
«Қайрат» қарымды, «Ақтөбе» алымды
Футбол • Бүгін, 07:30
Оқиға • Бүгін, 07:28
Білім саласын басқару жүйесі өзгерді
Қоғам • Бүгін, 07:25
Басты мақсат – Қазақстанды қуатты елге айналдыру
Саясат • Бүгін, 07:23
Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды
Үкімет • Бүгін, 07:20
Мәлім де беймәлім Байсуфиновтер
Спорт • Бүгін, 07:18
Ұлы сарынның сарқыты – Жамбыл жырау
Руханият • Бүгін, 07:15
Таным • Бүгін, 07:13
Қаперге алмаған қатерге ұрынады
Қаржы • Бүгін, 07:10
Команда көбейгеннен тартыс күшейе ме?
Футбол • Бүгін, 07:08
«Барлығына қарсы» пікірі де ескеріледі
Пікір • Бүгін, 07:07
Бокс • Бүгін, 07:02
Қарағандыда үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды
Аймақтар • Кеше
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Кеше
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Кеше
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Кеше
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Кеше
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Кеше
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Кеше
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Кеше
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
UBS стратегтері крипто-инвесторларға барлық ақшаларын жоғалту қаупі туралы ескертеді
Экономика • 16 Қаңтар, 2021
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • 16 Қаңтар, 2021
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2021
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2021
Спорт • 16 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар