Аймақтар • 30 Қазан, 2020

Маңғыстауда кәсіпкерлерге микронесиелер қолжетімді

12 рет көрсетілді

"Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасы шағын және орта бизнес кәсіпкерліктері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бұл туралы Өңірлік қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Мұқанбетжан Көбеген мәлім етті. Оның айтуынша кәсіпкерлерге өз бизнесін ашуға немесе кеңейтуге 20 млн теңгеге дейін микронесие беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Атап айтар болсақ, инвестициялық мақсаттар үшін 3 жылға 20 млн, айналым қаражатын алу үшін 2 жылға 5 млн теңгені құрайды. Жалпы "Даму" қорының тарапынан берілетін кепілдік 85 %, қалған 15%  екінші деңгейлі банк арқылы өтеледі", - деді Мұқанбетжан Көбеген.

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшысы Гүлжан Қалымбетованың айтуынша, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары беретін шағын несиелерге портфельдік субсидиялар мен кепілдіктер механизмі қолданылады.

"Мәселен, осы бағыт аясында кәсіпкер 20 млн теңге болатын несиені қосымша кепілдіксіз, Даму қорының кепілдігіменғана алу мүмкіндігіне ие болды.Банк, болмаса микроқаржы ұйымы несиені 17,5% береді, оның 6% кәсіпкер төлеп, 11,5% "Даму" қоры арқылы субсидияланады. Жаңа механизм аясында қаржы ұйымдары субсидиялау және кепілдендіру бойынша шешімді өздері қабылдайды, бұл өз кезегінде өтінімді қарастыру уақытын қысқартады" , - деді  "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басшысы Гүлжан Қалымбетова.

Айта кетейік, осы жеңілдіктерді алу үшін, алдымен кәсіпкердің несие тарихы тексеріледі. Бағдарламаға қатысу үшін банкке немесе микроқаржы ұйымына жүгіну қажет.

Соңғы жаңалықтар

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Кемел қазақтың келбеті

Таным • Бүгін, 07:40

Наурыздың ақша қарындай

Руханият • Бүгін, 07:30

Сарсаңға салған сараптама

Ғылым • Бүгін, 07:23

Өз балаң өзекке теппесін

Өнер • Бүгін, 07:23

Жас теннисшілер бас қосты

Теннис • Бүгін, 07:06

Ол кезде Надя отызда еді

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:02

Ұқсас жаңалықтар