Елорда • 30 Қазан, 2020

Елордада медициналық волонтер сертификаты табысталды

6 рет көрсетілді

Елордада "Волонтерлер мектебі" жобасының қорытындысы шықты. Оның аясында 90 медициналық ерікті оқытылды. "Волонтерлер мектебі" – "Қазақстанның медициналық жастары" республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған жоба, деп хабарлайды Egemen.kz

Бір апта ішінде 16 мен 24 жас аралығындағы 90 жас алғашқы медициналық көмекке, коммуникативті дағдыларға оқытылды және коронавирус пандемиясының жазғы толқынында ауруханаларда жұмыс істеген еріктілермен кездесті.

"Волонтерлер мектебі аясында біз үш рет онлайн-тренинг өткіздік. Тыңдаушылар коммуникативті дағдыларды игерді, Ресей мен Қырғызстандағы шетелдік әріптестерінің тәжірибесімен танысты, сонымен қатар пандемия кезінде жұмыс істеген Қазақстандағы медициналық еріктілермен және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен әңгімелесті. Тәжірибелік сабақта олар алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді – бұл қан кетуді тоқтату, күйіктер мен жарақаттарға күтім жасау, жүрек-өкпе реанимациясы", деді жобаның ұйымдастырушысы, "Қазақстанның медициналық жастары" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Әлижан Тұрсынтай.

1

Оның айтуынша, болашақта "Волонтерлер мектебінің" курсын аяқтаған адамдар ауруханалар мен емханалардағы медицина қызметкерлеріне көмекке тартылатын болады.

Қозғалысқа қосылуға ниет білдіргендердің шамамен 80%-ы елордалық медицина колледжінің, қалғаны қаланың басқа орта арнаулы оқу орындарының студенттері.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар