Білім • 26 Қазан, 2020

СДУ сарапшылары бірегей онлайн семинар-тренинг өткізеді

22 рет көрсетілді

9-13 қараша аралығында Сулейман Демирель университетінің оқытушылар тобы СДУ-2020 “Цифрлық білім беру: “i-Мұғалім”моделі” 36 сағаттық онлайн семинар-тренингін өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz

“Педагогикалық дизайн”, “Мұғалімдердің эмоционалды интеллектісі”бағыттары бойынша ауқымды ақпарат алады. Атап айтқан жөн, іс-шара еліміздің мектеп, лицей, гимназия және колледж мұғалімдеріне бағытталған. Семинар-тренинг бағдарламасында СДУ оқытушылары “Шет тілін оқытудағы геймификация”, “Онлайн-оқытуды интерактивті ету”, “WhatsApp-ты білім беру мақсатында пайдалану ерекшеліктері”, “Ең жақсы идеялар мен ыңғайлы өмір үшін Кибер-мотивация және лайфхактар” және көптеген қызықты үрдістер туралы айтып береді.

Тренинг аясында қатысушыларға цифрлық әлемнің үрдістерімен байланысты көптеген бірегей және пайдалы ақпарат, сондай-ақ әртүрлі өмірді жеңілдетуге және оны кибер шындыққа жақындатуға көмектесетін платформалар жайлы маңызды ақпарат толығынан беріледі, деген пікірде  іс-шара ұйымдастырушылары. Семинар-тренинг бағдарламасы және іс-шараның спикерлері туралы толық ақпарат қосымшадағы бағдарламада көрсетілген.  

Айта кету керек, қараша айындағы 36 сағаттық семинар-тренинг”I-Мұғалім” моделі СДУ мен “Өрлеу “БАҰО”АҚ серіктестігі аясында ұйымдастырылған мұғалімдерге арналған үш модульді 80 сағаттық семинар-тренинг сериясының кіріспе бөлігі болып табылады. 20-сағаттық семинар – тренингтің екінші бөлімі қаңтар айында өтеді. Семинардың қорытынды бөлімі 2021 жылдың наурыз айында өтеді. Әрбір модуль аяқталған кезде қатысушылар тиісті сертификаттарға ие болады. Сондай-ақ, семинар – тренингтің барлық үш модулі сәтті аяқталған жағдайда, “Өрлеу “БАҰО” АҚ және СДУ атынан 80 сағаттық қорытынды растаушы сертификат беріледі.

 

Соңғы жаңалықтар

Қару ұстауға бақылау күшті

Қоғам • Бүгін, 18:11

Ұқсас жаңалықтар