Елорда • 23 Қазан, 2020

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қандай режімде оқиды?

29 рет көрсетілді

Нұр-Сұлтанда 15 арнайы білім беру ұйымы жұмыс істейді және 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттілігі бар 10 мыңнан астам бала тіркелген. Брифингте қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова хабарлағандай, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы арнайы ұйымдарға қабылдану үшін негіз болып табылады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қабылдау алдын ала жазылу арқылы ата-аналар үшін ыңғайлы форматта жүзеге асады. Тікелей жүгінуге, телефон арқылы және биыл тамыз айынан бастап egov.kz "электронды үкімет" порталы арқылы жазылуға болады. Бүгінгі таңда ПМПК штаттық режимде жұмыс істейді, сонымен қатар ата-аналардың қалауы бойынша онлайн-тексеруге де болады", деп түсіндірді Шолпан Қадырова.

Эмоционалды еркі мен мінез-құлқы бұзылған, сондай-ақ есту және көру қабілеті бұзылған оқушылар оқуға штаттық режимде қабылданады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған және психикалық дамуы тежелген балалар онлайн-режімде тексеруден өте алады.

"Қашықтықтан жұмыс істеу кезеңінде 1 767 бала онлайн-тексеруден өтті, оның нәтижелері бойынша әр балаға жеке білім беру бағыты әзірленді", деп хабарлады басқарма басшысы.

Елордада қашықтан оқытуға көшуге байланысты балаларды түзету-дамыту қызметтерімен қамту 10% артты. Қазіргі уақытта 1413 бала психологиялық-педагогикалық көмек алуда.

"Сонымен қатар, аутистік спектрдің бұзылулары және көру қабілетінің бұзылуы бар балалар үшін көру және эмоциялық байланыстардың болмауына байланысты қашықтан оқыту қиын болды. Сондықтан олар кезекші сыныптарда оқиды және олар үшін жеке сабақ кестесі жасалды. Ата-аналарға арналған консультациялар оларға ыңғайлы уақытта онлайн-режімде өтеді", - деп атап өтті спикер.

Осы жылы қалада арнайы білім беру ұйымдарының желісі кеңейді. Шілде айында № 5 "Асыл Мирас" психо-педагогикалық түзету кабинеті ашылды, онда халықаралық сертификаты бар мамандар жұмыс істейді. Сондай-ақ, № 8 және 89 мектептер базасында әрқайсысы 30 орындық екі инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.

Сонымен қатар, № 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация және № 2 психо-педагогикалық түзету кабинеті үшін жағалау шағын ауданында жеке кең ғимараттар қарастырылған, бұл балаларды қамтуды 50% арттыруға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Ұқсас жаңалықтар