Қоғам • 22 Қазан, 2020

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

52 рет көрсетілді

Үкімет Қаулысымен Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы берген өтінішіне сәйкес Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды.  Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, 2010 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-технолог. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.

1991-2010 жылдары аға оқытушы, аспирант, бас маман, кіші, аға ғылыми қызметкер, бас технолог, зоотехник-селекционер болып қызмет етті. 

2010-2012 жылдары ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 

2012-2017 жылдары Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.  

2017 жылдың қазан айынан 2018 жыл аралығында Премьер-Министрдің кеңесшісі болды. 

2018 жылы қаңтар айында ҚР АШМ вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар