Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебі жаңа жобаны қолға алды

72 рет көрсетілді

Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдердің цифрлы мәдениетін қолдауға және дамытуға бағытталған "Әдістемелік лайфхак: Цифрлы гайд" жобасы қолға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа оқу жылынан басталған жоба барысында спикерлер – Зияткерлік мектеп мұғалімдері бір ай бойы өз әріптестеріне онлайн-платформалар, пайдалы веб-сайттар, лайфхактар мен ұтымды шешімдерді таныстырып, оларды сабақта тиімді қолдану жолдарын көрсетті. Microsoft Teams алаңында "MIRO, PADLET, LINOIT виртуалды тақталарымен қызықты онлайн сабақ", "Оқытуда EDMODO платформасын қолдану мүмкіндіктері, "SOCRATIVE қосымшасы көмегімен бағалау және кері байланыс әдістері" "MOZAIC EDUCATION арқылы 3D презентация дайындау" және тағы да басқа тақырыптық атаумен вебинарлар сериясы ұйымдастырылды. "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік Орталығы тренерлері жоба бойы спикерлерге кері байланыс беріп, пікірлерін айтып отырды.

"Бүгінде білім саласындағы өзгерістер өте жедел өзгереді. Виртуалды сынып, мобильді оқыту, EdTech, электронды бағалау, жасанды интеллектті қолданатын интеллектуалды оқыту жүйелері – бұл терминдердің барлығы жаңа заман мұғаліміне таңсық емес. Цифрлы құралдар педагогтер үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын дамытудың заманауи әдісіне айналып отыр", дейді мектеп директоры орынбасары Гүлнәр Досқазиева.

1

Жоба аясында Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эксперт мұғалім Жансәуле Мақсұтова мини-оқулық құрастыруға негізделген Bookcreator.com сервисін ұсынды. Аталған сервис арқылы онлайн форматта өзіндік жұмыстарды не үй тапсырмасын орындату оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Оқушылар шағын жобалық жұмысты, өзіндік зерттеу жұмыстары нәтижесінде жинақталған ақпараттарды кітапша етіп жасауды үйренеді. Қосымша көмегімен құрастырылған шағын кітапқа тек мәтін түріндегі ақпарат қана емес, аудиожазбалар, бейнематериалдар, дайын презентацияларды енгізуге болады. Тіпті нұсқаулықты өз дауысыңызбен жазуға мүмкіндік бар. Қаласаңыз, бейнеңізді түсіріп те сала аласыз. Оқушы сервисте сурет те сала алады, бұл өз кезегінде оқушыларды шығармашылыққа баулиды.

"Әдістемелік лайфхак: Цифрлы гайд" жобасын іске асыру нәтижелері бойынша Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі облыс мұғалімдеріне арналған цифрлы форум ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Мақсат – ауруды ауыздықтау

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Ұқсас жаңалықтар