Парламент • 22 Қазан, 2020

Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың тиімді тетіктері пысықталды

16 рет көрсетілді

Сенаторлар шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың тиімді тетіктерін пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатта "Жаңа жағдайдағы экономикалық даму: Қазақстанда шағын, орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру" тақырыбына арналған парламенттік тыңдауға дайындық барысында министрліктер басшылығымен кездесу болды.

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Дәурен Әділбеков кездесуді аша келіп, осыған дейін шағын және орта бизнес, қауымдастықтар өкілдерімен, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "Даму" қоры басшылығымен шаралар өткенін атап өтті. Ол кездесулерде шағын және орта бизнес өкілдері пандемия жағдайындағы қазіргі жағдай туралы айтып, бизнес мәселелерін реттейтін заңнаманы жетілдіру қажеттігін айтқан болатын. Сенаторлар парламенттік тыңдауға талқылауға келіп түскен мәселелер мен ұсыныстарды одан әрі пысықтау қажет деп санайды.

Депутаттар пандемия кезінде елдегі шағын және орта бизнестің дамуын тежейтін проблемаларға, сондай-ақ салалық мекемелердің шағын және орта бизнесті қолдау жөнінде қабылдап жатқан шараларға назар аударды. Сенаторлар локдаун кезеңінде қызметін тоқтатқан және жабылған бизнес субъектілері туралы мәліметтерді сұрады.

Жүздесуге қатысушылар микробизнестің жағдайына да ерекше назар аударды. Депутат Бауыржан Қаниев жеңілдетілген несие берудің қамтылуын кеңейту мақсатында микробизнесті шағын және орта бизнестен бөлудің орындылығы мәселесін көтерді.

Депутаттарды арнайы экономикалық аймақтардың, әсіресе индустриялық алаңдардың нашар дамуы алаңдатып отыр. Кездесу барысында сенатор Сағындық Лұқпанов қазақстандық тауар өндірушілердің проблемаларын және оларды отандық шикізатпен қамтамасыз ету мәселелерін қозғады.

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Ұқсас жаңалықтар