Аймақтар • 22 Қазан, 2020

Қысқа дайындық толық аяқталды

15 рет көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің қысқы жылыту маусымына дайындығы өңір басшысы Ғали Есқалиев өткізген жиында арнайы талқыланды.

Қылышын сүйреткен қыс та қыр астына келіп қалды. Облыста қысқа дайындық пы­сықталып, соңғы тексерістер жүріп жатыр. Ең алдымен әлеу­­меттік ны­сандардың, көп­қа­батты тұр­ғын үй­лердің, сон­дай-ақ комму­нал­дық же­лілер мен құрылғылар­дың жылыту маусымына дайындығы өте ма­ңызды.

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің хабарлауын­ша, облыс орталығында жос­парланған жаңарту, жөндеу жұ­мыстарының бәрі толығымен атқарылған, қа­ла­­ішілік жылу желілері 100% да­йын. Биыл Орал қаласында жылу жылдағыдай 15 қазаннан емес, одан бір апта бұрын берілді.

Өңірдегі екінші ірі елді мекен – Ақсай қаласында да дайындық жоспарға сай жүргізілген. Жылу жүйелері уақтылы сынақтан өтіп, тексерілген.

Облысты электр қуатымен қамтитын «Батыс Қазақстан РЭК» акционерлік қоғамы биыл жос­парланған 2510,6 км желінің 93%-ы жөнделгенін мәлімдеді. Жақын күндері бұл жұмыстар толық аяқталмақ. Күрделі жөндеу үшін СВ-105 маркалы темірбетон бағананың 656 данасы, СВ-95 маркалы темірбетон бағананың 215 данасы сатып алынған.

Әрине, қысқа дайындық дегенде алдымен әлеуметтік ны­сандардың әзірлігі сөз болады. Дәл қазір өңірдегі денсаулық сақ­тау нысандары сақадай сай. Білім беру нысандарының дайын­дығы 97%-ды құраған. Бұл жерде 19 нысанда күрделі жөн­деу жүріп жатқанын ескеру керек. Мәдениет нысандарының да­йындығы 99% болған. Бұл салада да 4 нысанда күрделі жөндеу жүріп жатыр.

Орал қаласында – 1196 үй, Ақсай қаласында 113 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу желісіне қосылған.

Батыс Қазақстан облысы та­биғи газбен барынша толық қам­тылған өңір саналады. Көмір немесе мазут жағатын әлеуметтік нысандар саусақпен санарлық. Дегенмен шалғай ауылдарда қалған мұндай нысандар үшін 2,8 мың тонна көмір, 175 тонна сұйық отын қажеттігі ескеріліп, толық жеткізілген. Көгілдір отын құбырына қосылмаған тұр­­­ғындарға қажет болса, «Та­лап» акционерлік қоғамының қой­масында 700 тоннадай көмір сақтаулы тұр.

– Батыс Қазақстан облысында білім саласында 627 мемле­кеттік нысан бар. Соның 520-сы кө­гілдір отын­ға қосылған. Ал 12 ны­сан сұйық отынмен, 71 ғима­рат кө­мір­мен, 15-і электр қуа­тымен жылытылады. 2020-2021 жылыту мау­сымына толық да­йын­быз, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.

Қазіргі таңда облыс тұрғын­дарының 96,1%-ы табиғи газбен қамтылған. Биыл елді мекендерді газдандыру үшін бюджеттен бө­лінген 910 млн теңгеге Терек­ті ауданының 10 ауылына, Ақ­жайық ауданының 11 елді ме­кеніне газ құбыры тартылып жатыр. Бұл ауыл­дарда барлығы 6 мыңдай адам тұрады. Бұл жұ­мыс мәресіне жеткенде облыс тұрғындарын табиғи газбен қам­ту көрсеткіші 96,7%-ға жетпек.

Батыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық бас­қар­ма­сының басшысы Асқар Ғабидуллин «Елді мекендерді газдандыру» жобасы бойынша 2020 жылы республика бюд­жетінен 176 млн 211 мың теңге, облыс бюджетінен 783 млн 518 мың теңге бөлінгенін, бұл қаржы би­ылғы 1 қарашаға дейін толық игерілетінін жеткізді.

 

Батыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Жоғарғы сот судьялары сайланды

Қазақстан • Бүгін, 10:35

218 адамның ахуалы нашар

Медицина • Бүгін, 09:45

Абайды сомдаған актерлер

Өнер • Бүгін, 08:30

Отанға адал болуға ант берді

Руханият • Бүгін, 08:27

Экскурсия сабағына қатысты

Қоғам • Бүгін, 08:00

Ұлылар үндестігі

Оқиға • Бүгін, 07:56

«Киік» акциясы басталды

Экология • Бүгін, 07:52

Мақсат – ауруды ауыздықтау

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Медициналық жабдықтар жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:47

Белсенділігі артып келеді

Саясат • Бүгін, 07:46

Ұқсас жаңалықтар