Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Диқандар жаңа техникалармен жарақтануда

11 рет көрсетілді

Өңір  диқандары күзгі жиын-терінді уақытылы аяқтаған соң өнімдерін өткізіп, жаңа техникалар ала бастады. Биылғы егін орағы кезінде облыстың агрокәсіпорындарында жүздеген жаңа модификациядағы отандық ауыл шаруашылығы техникалары жұмысқа тартылып, оң нәтиже көрсетті, - деп жазады Egemen.kz

Таяуда облысқа "Кировец" тракторларының жаңа партиясы келді. Бір айта кетерлігі, "Тех Агро-Атбасар" техникаларды тасымалдау серіктестігі Петербург трактор зауытының өңірдегі жалғыз ресми өкілі. Серіктестік қызметкерлерінің айтуларына қарағанда, соңғы жылдары облысқа аталмыш трактордың 11 түрлі моделінің 180-і жеткізілген. Заманауи "Кировец К-7М" тракторлары Қостанай трактор зауытында биылғы жылдан бастап шығарыла бастады. Осы тракторларды пайдаланып көрген ауыл шаруашылығы мамандары жаңа техниканың біршама артықшылықтары бар екендігін айтып отыр.

–2015 жылы осындай тракторлар бізге де жетті. Жұмысқа төзімді, қуаты мол, – дейді "Шуйское ХХІ" серіктестігінің бас инженері Виктор Крымов, – бұрынғы техникаларға қарағанда, өнімділігі бір жарым есеге жуық. Жүрісі өте жайлы. Механизаторлар бірден үйреніп алды. Қыста қар тазалауға, кез-келген жүкті тасымалдауға әбден жарап тұр.

Бүгінгі таңда жаңа техникалардың оң сипаттағы артықшылығы көптеген шаруашылықтарды қызықтыруда. Бір жақсысы, трактор мен оның бөлшектерін сатып алғаннан кейін белгілі бір уақытқа кепілдік беріліп, сервистік қызмет көрсетіледі. Осы техниканы тізгіндеген механизаторлардың айтуына қарағанда, тәулігіне 120 гектарға дейін жер жырту мүмкіндігі бар.

Нар тәуекелді қажет ететін өңірде көктемгі егіс пен күзгі егін орағын уақытылы аяқтау үшін техникаң сақадай сай болуы керек.  Егіннің шығымы да агротехникалық шараларды мерзімінде орындауға тікелей тәуелді. Міне осындай уақыттың тар кезінде қуатты техникаға не жетсін?!

 

Ақмола облысы

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Ұқсас жаңалықтар