Аймақтар • 21 Қазан, 2020

Түпқараған ауданында 55 адам қайтарымсыз грант алды

22 рет көрсетілді

«Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіп ашуы үшін  аудан көлемінде 55 азаматқа қайтарымсыз грант берілді.

Оның ішінде 3 аз қамтылған отбасы мүшесі, 10 көп балалы ана, 21 жас кәсіпкерлер, 5 мүмкіндігі шектеулі жандарға бөлінді. Нақтырақ айтқанда, құс және мал шаруашылығы, дәнекерлеу ісі, наубайхана, кондитерлік өнім, көлік қаптамаларын тігу, тоңазытқыштарды жөндеу, компьютерлік қызмет көрсету, сұлулық салоны, шаштараз, тігін салаларына грант бөлінді, деді Римма Жақсылық.

Бизнеске жоспарын ұсынып грантқа ие болғандардың бірі - екінші топтағы мүгедек Мурадуллаев Дияс Нұрбекұлы. Ол инкубатор арқылы балапан өсіруді қолға алды.

-«Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында оқу курсын оқып, өзімнің бизнес жоспарымды ұсындым. Нәтижесінде, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік грантқа қол жеткіздім. Алғашқы талабымды шағын кәсіптен бастап, инкубатор арқылы балапан өсіруді қолға алдым. Одан соң қызушылығым артып, тауық түрін сатып алдым.   Бүгінде тауық көбеюде, жұмыртқаларға сұраныс көп. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібімді дөңгелетіп отырмын», - деді ол.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Қуатты техникамен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:12

40 күндік сарбаз

Қоғам • Бүгін, 09:09

Аманатқа адалдық

Руханият • Бүгін, 09:03

Көкшелік Алаш тұлғалары

Тарих • Бүгін, 09:00

Мегажобаның кезекті межесі

Технология • Бүгін, 08:59

Ат әбзелдері

Таным • Бүгін, 08:55

Бүркітті ырғаққа отырғызу

Таным • Бүгін, 08:54

Тарихи лаухалар жаңғыртылды

Руханият • Бүгін, 08:49

Ықылас

Тарих • Бүгін, 08:47

Бір өлең оқыған адам – ақын

Әдебиет • Бүгін, 08:39

Құсқа айналған қыз

Әдебиет • Бүгін, 08:38

Сусын төресі – сары қымыз

Руханият • Бүгін, 08:32

Он литр қан тапсырды

Қоғам • Бүгін, 08:31

Қашықтан бақылайтын чек-парақ

Аймақтар • Бүгін, 08:23

Ұқсас жаңалықтар