Медицина • 20 Қазан, 2020

"Dolce Pharm" тоқылмаған мата өндіретін зауыт салады

34 рет көрсетілді

Фармацевтика өнеркәсібі экономиканың өте маңызды секторы және халықтың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Бүгінде елімізде осы саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазіргі уақытта салада 96 кәсіпорын жұмыс істейді, олардың 33-і дәрілік заттар, 41 медициналық бұйымдар және 22 кәсіпорын медициналық техника шығарады. Кәсіпорындардың басым бөлігі республиканың төрт аймағында – Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы және Қарағанды облыстарында шоғырланған.

Бұл өңірлерде ғылыми-техникалық орталықтардың, дамыған көлік инфрақұрылымының және жеке өсімдік шикізатының болуы кәсіпорындардың бәсекелестік артықшылықтарын қамтамасыз етті.

Мысалы, "Dolce-Pharm" қазақстандық фармацевтикалық компаниясы 22 жыл ішінде бір реттік медициналық бұйымдарды өндіру саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Компанияның өнімдері еліміздің медициналық мекемелерінде ғана емес, өзге шет мемлекеттерде де сұранысқа ие. Бүгінгі таңда зауыт медициналық мақсаттағы 250-ден астам атау шығарады, оның ішінде медициналық бетперделер мен қолғаптар, бахилалар, стерильді операциялық жиынтықтар және бір реттік жаймалар. Өндірістік кешен Алматы облысы, Ынтымақ кентінде орналасқан, онда 355 адам еңбек етеді.

1

Зауытта 6 өндірістік цех бар: стерильді және стерильді емес қолғаптар өндіру цехы; "Ультра-Адсорб" сауда маркасымен белсендірілген көмір өндіру цехы; медициналық мақсаттағы бұйымдар (халаттар, бетперделер, қалпақтар, жиынтықтар) өндірісі; төртінші цех мақта мен пластикадан жасалған бұйымдар өндіруге дайындалған; этилен оксидімен стерильдеу цехы және пластиктен жасалған бұйымдар (кесек айна, Эйер шпатель, Фолькман қасығы) өндірісі цехы. Биыл кәсіпорын шығарылатын бетперделер қатарын кеңейтті және гинекологиялық айналар, маска-респираторлар, фиш-маскалар, СИ-маскалар және балаларға арналған "баттерфляй" маскалары, сондай-ақ суретпен безендірілген бетперделерді шығара бастады.

Бүгінде компания өз өнімдерін Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан және Ресей елдеріне экспорттайды. Болашақта шикізатты қарама-қарсы жеткізуді қамтамасыз ету шартымен Қытаймен ынтымақтастық орнату көзделген.

Сонымен қатар, кәсіпорын тоқылмаған мата өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр, сондай-ақ лейкопластырь өндірісін ұйымдастыру көзделуде. Тоқылмаған мата өндіру жөніндегі жобаны іске асыру жеке қорғану құралдарын шығару үшін отандық кәсіпорындарды өз шикізатымен қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар