Президент • 01 Қазан, 2020

Мемлекет басшысы Ұлттық экономика министрін қабылдады

25 рет көрсетілді

Президентке экономикалық өсімді қалпына келтіруге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған  Қазақстанның жаңа экономикалық бағдарының негізгі қағидаларын жүзеге асыру жайында баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы басқаратын құрылымдарды және мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің механизмдерін жетілдіру, инвестиция тарту шаралары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар әлеуметтік нысандар салу және тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту мәселелері сөз болды.  

Мемлекет басшысы ауылдық жерлерді дамытудың перспективаларына, соның ішінде "Ауыл – ел бесігі" жобасына ерекше назар аударды. Осы бастаманың аясында бес жыл ішінде 3500 ауылды жаңғырту көзделуде. Президент ауылдық жерлердегі инфрақұрылымның сапасын қалалық деңгейдегі стандартқа жақындатуды тапсырды.    

Кездесу барысында микро және шағын бизнесті тексеруге жарияланған мораторий үш жыл ішінде 100 мыңға жуық тексеріс жүргізуді болдырмауға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұл бизнесті ретке келтіру ісінің жаңа парағын ашуға оң ықпал етеді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге бизнес жүргізу ісін реттеуді және салық салуды жеңілдету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

Торт пісіруші жігіт

Қоғам • Бүгін, 08:46

Үшінші күннің нәтижелері

Спорт • Бүгін, 08:44

Үздік голдың иесі атанды

Футбол • Бүгін, 08:43

Сhallenger жарысын сәтті бастады

Теннис • Бүгін, 08:41

Газды пайдалану талаптары

Қоғам • Бүгін, 08:16

Дағдарыс орталығы ашылды

Оқиға • Бүгін, 08:09

Жастар жылу сыйлап жүр

Қоғам • Бүгін, 08:03

Керегіңді ал, мұқтаж жан

Руханият • Бүгін, 08:01

Эстафета Душанбеге жолданды

Руханият • Бүгін, 07:49

Оңалту құралын ойлап тапты

Руханият • Бүгін, 07:39

Желаяқ Джонсон

Жеңіл атлетика • Бүгін, 07:35

«Қауіпті сынап» акциясы өтті

Аймақтар • Бүгін, 07:18

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 07:10

Өңірлік форумда бас қосты

Оқиға • Бүгін, 07:02

Байден формуласы

Әлем • Бүгін, 06:48

Жаяуға да жаза бар

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар