Аймақтар • 01 Қазан, 2020

Таразда өрттен екі бала көз жұмды

134 рет көрсетілді

Бүгін сағат 09:57 минутта полицияға Тараз қаласы Ақмола көшесінде өрт болғаны туралы мәлімет келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндірген. Оқиға орнын қарау барысында полицейлер 2017 және 2018 жылы туған екі  кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапқан. Болжам бойынша өлім газ иісінен уланудан болған", делінген ақпаратта.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 292-бабы 3 б. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған (екі және одан да көп адамның өліміне апарған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу). Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Жамбыл облыстық Полиция департаменті ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ, балаларын тұрмыста өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелеріне үйрету қажеттігіне шақырады.

 

Соңғы жаңалықтар

Адасқан балықшы аман табылды

Аймақтар • Бүгін, 17:06

Ұқсас жаңалықтар