Бокс • 26 Ақпан, 2020

Жекпе-жек: UFC бәсекесі Нұр-Сұлтанда өтуі мүмкін

42 рет көрсетілді

Ережесіз жекпе-жек әлемдегі ең белді ұйым – UFC-дің кезекті турнирлердің бірі биылғы жылдың жазында Қазақстанның бас шаһары – Нұр-Сұлтанда өтуі мүмкін.

Егер осы әңгіме ақиқатқа айналса, онда елімізде спорттың бұл түрінің екінші тынысы ашылатыны сөзсіз. Расында да, қазіргі кезде республикамыздың әр аймағында ережесіз жекпе-жектен жарыстардың жиі ұйымдастырылып жүр. Спортшыларымыз шет мемлекеттерде өтіп жатқан додаларға үздіксіз қатысуда. Бұл ретте елеулі табыстарға да қол жеткіздік. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.

Десек де ең белді промоушен – UFC турнирлеріне күш сынасатын жерлестеріміз санаулы ғана. Мәселен, былтырғы жылдың соңында Шавқат Рахмонов, жуырда ғана Жалғас Жұмағұлов айтулы ұйыммен келсімшартқа отырды. Сонымен қатар, Қытайдағы қандасымыз Жұмабек Тұрсын мен Ресейдің қазағы Дамир Исмағұлов сол жарыстарда өнер көрсетті. Әрине, оған біз қуанамыз. Бірақ  Қазақстан секілді іргелі мемлекет, қазақ секілді қайсар ұлт үшін бұл көрсеткіштің аздық ететіні анық.

Егер жоғарыдағы ақпарат расталса, онда керемет болар еді. Қазақстандық жанкүйерлер үшін нағыз «сен тұр, мен атайындардың» айқасын өз көздерімен көруге мүмкіндік туындайды. Осы доданы тамашалаған жергілікті жастардың ережесіз жекпе-жекке деген қызығушылығы да күрт артады. Ал егер Нұр-Сұлтандағы жарыста жоғарыда есімдері аталған қандастарымыз күш сынасса, онда нұр үстіне нұр болар еді.   

Соңғы жаңалықтар

Келер жылы тариф көтерілмейді

Экономика • Бүгін, 08:19

Комиссия отырысын өткізді

Саясат • Бүгін, 08:04

Жасанды интеллект жәрдемі

Технология • Бүгін, 07:58

Аң-құсқа да қамқорлық қажет

Оқиға • Бүгін, 07:55

Жаңа аудандағы жасампаз іс

Аймақтар • Бүгін, 07:53

Ауылдағы сервистік әкімдік

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Әлемді қызғылт сары етейік

Қоғам • Бүгін, 07:37

Елбасы және Қазақстан ғылымы

Елбасы • Бүгін, 07:27

Мұғалім жасаған сабын

Ғылым • Бүгін, 07:09

СКА-ға есе жіберді

Хоккей • Бүгін, 07:09

Абайдың 180 өлеңін жатқа айтады

Аймақтар • Бүгін, 07:08

Ұқсас жаңалықтар