Қоғам • 18 Ақпан, 2020

TCL компаниясы планшетке айналатын смартфон шығарды (видео)

280 рет көрсетілді

TCL компаниясы экраны жылжымалы смартфон шығарды. Жылжығанда қандай! Дисплейді сырғыта салсаңыз болды, смартфоныңыз планшетке айналып шыға келеді. Яғни, экран 2 есе үлкейеді.

Cnet порталының хабарлауынша TCL компаниясы бұл смартфонды осы айдың аяғында болатын MWC 2020 көрмесінде таныстырмақшы болған. Бірақ коронавирус кесірінен көрме өтпейтін болды.

Дегенмен де смартфонмен қазірдің өзінде таныса беруге болады. Ол кәдімгі басқа смартфондарға ұқсайды. Заманауи рамкасыз шеті доғалданған дисплейі бар. Бірінші дисплейде қара түсті селфи камерасы анық көрінеді. Корпусында екінші дисплей жасырылған. Оны жылжыту арқылы шығарып, смартфонды планшетке айналдыра салуға болады.

Корпусының артында квадрокамера орнатылған. Яғни жарқылдағы бар 4 камерамен оңды-солды түсіре бересіз.
Мұндай смартфонды TCL компаниясынан бұрын ешкім жасамағанын айта кету керек! Жылжымалы экран қалай жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Дегенмен ашылмалы-жабылмалы гаджеттер шығарып жүрген бұл Samsung, Motorola және Huawei сияқты алпауыт компаниялардың шешімінен өте қызық көрінеді. Өкінішке орай смартфонның бағасы мен техникалық сипаттамасы әзірге белгісіз болып тұр. Оған қоса TCL презентацияны да қашан өткізетіні айтылмады.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар