Аймақтар • 17 Ақпан, 2020

Түркістан: 5000-нан астам ерікті 7 бағыт бойынша жұмыс істеуде

523 рет көрсетілді

Түркістан облысында бүгінде 5000-нан астам волонтер бар. Еріктілер «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» атты 7 салалық бағыты бойынша жұмыс істеуде. Рухани, мәдени-тарихи мұраларды сақтау жұмыстарына еріктілерді тарту бағытында құрылған «Асыл Мұра» жобасы да жүзеге асырылмақ.

Облыстық Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Амалбек Өміртай «Асыл мұра» аясында «Әлемге құшақ ашқан — Түркістан», «Қазығұрттың басында кеме қалған», «Open Еnglish» секілді бірнеше жобалар бастау алғанын айтады. Барлық жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда екен. Алдағы уақытта еріктілер қатары 10000-ға көбеймек.

Сондай-ақ аудан, қалалық жастар орталықтарының жетекшілігімен 1000-ға жуық мектепте волонтерлікті негіз еткен өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстары жетілдіріліп, методологиялық көмек көрсетілетін болады. Ал еңбегімен ерекшеленген еріктілер жоғары марапаттарға ұсынылмақ.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар