Оқиға • 03 Желтоқсан, 2020

«Шаңырақ» жеңімпаздары анықталды

12 рет көрсетілді

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Іс-шара Достық үйінде өтті.

БАҚ өкілдерін 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі­мен құттықтаған ҚХА Төраға­сы­ның орынбасары Жансейіт Түй­ме­баев мемлекет саяса­тын ақпараттық тұрғыдан қол­дауға, қоғамдық келісім мен жалпы­ұлт­тық бірлікті нығайтуға, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттауға үлес қосып жүрген журналистерге алғысын айтты.

– Тұңғыш Президентіміз Нұр­сұл­тан Назарбаевтың көшбас­шы­лығымен еліміз әлемнің саяси картасынан лайықты орын алып, биік халықаралық беделге ие болды. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде жүзеге асқан барлық реформ мен маңызды бағдарламалар, еліміздің қол жеткен табыстары журналистер назарынан тыс қалған емес. Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын мемлекет саясатын ақпараттық тұрғы­дан қолдауға, қоғамдық келі­сім мен жалпыұлттық бірлікті ны­ғай­туға белсенді үлес қосып жүр­ген журналистерді қолдау мақ­сатында «Шаңырақ» республи­калық байқауын өткізуді дәстүрге айналдырған, – деді.

Құттықтау сөз барысында Жансейіт Қансейітұлы журналис­тер­дің қоғам өміріндегі маңызы мен әле­уетіне де кеңінен тоқ­талды.

– Осы орайда отандық журналистика қоғамдық келісімді дамыту, арандатушы ақпараттарға қарсы иммунитетті қалыптастыру және қоғам бірлігін сақтау тақы­рыптарын жиі көтеруі тиіс. Мем­лекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен мемлекет саясатын халыққа түсін­діру мәселесінде де қолына қалам ұстаған ағайынның атқа­ра­тын рөлі айрықша. Біз әр уақытта бар­лық БАҚ өкілдерімен тығыз қа­рым-қатынаста жұмыс істеуге күш салып келеміз. Осы ретті пай­да­лана отырып, сіздердің тарап­тарыңыздан көрсетіліп жатқан ақпараттық қолдау үшін алғыс білдіремін, – деді Ж.Түймебаев.

Байқау қорытындысы бойын­ша Гран-при «Қазақпарат» ха­лық­аралық ақпарат агенттігіне табыс­талды. Бұл арнайы марапаттың жүлде қоры – 350 мың теңге. 1-орын «Абай» теле­а­рна­сын­дағы «Сарасөз» бағдар­ламасы­н­ың жүргізушісі Елена Әбді­ха­лықоваға, «Алматы» телеарнасы директорының орынбасары Ралида Мұқановаға және «Қазақ үні» газетінің бас редакторы Қазыбек Исаға берілді. Ал «Қазақ газеттері» сайтының редакторы Берік Бей­сенұлы, «Казах­­станская правда» газетінің Ал­ма­ты қаласындағы тілшісі Ай­гүл Тұрысбекова және «Kazakh-TV» арнасының тілшісі Жеңіс Ермұқановтар 2-орынға ие болды. 3-орынға «Ана тілі» республикалық газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Светлана Қожақұлова және «Хабар-24» арнасы жаңа­лықтар бөлімінің тілшісі Қорған­бек Көпей лайық деп танылды. Соны­мен қатар 1-орын иегерлеріне – 300, 2-орын иегерлеріне – 200, 3-орын ие­гер­леріне 150 мың теңге көле­мінде ақшалай сыйлық табыс етілді.

Сондай-ақ бірқатар ақын, жур­­­налист, қоғам қайраткерлері «Қазақ­стан халқы Ассамблеясына- 25 жыл» медалімен және «Мейірім» төсбелгісімен марапатталды.

Іс-шараға этномәдени бірлес­тік өкілдері, Ассамблея мүшелері және республикалық БАҚ бас редакторлары қатысты.

 

АЛМАТЫ

 

Соңғы жаңалықтар

Теміржол билеттері қымбаттайды

Қазақстан • Бүгін, 11:19

Батыс Қазақстанда күн суытады

Ауа райы • Бүгін, 10:56

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:23

Келешегі өрісті өндіріс орны

Аймақтар • Бүгін, 08:16

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Пікір • Бүгін, 08:09

Шарын балуан

Руханият • Бүгін, 07:54

Оберхофтағы сәтсіздік

Спорт • Бүгін, 07:36

Генерал киген китель

Оқиға • Бүгін, 07:28

Енді ешкім дауласа алмайды

Таным • Бүгін, 07:13

Ұқсас жаңалықтар