Жақында қырғыздын алғашқы ұлттық газеті «Қырғыз Туы» өзінің шыға бастағанының 96 жылдығына арналған жиын өткізді. Жиынға газеттің ардагер журналистері де келген болатын. Жиын аяқталған соң, ұзақ жыл редакцияда әдебиет бөлімін басқарған, публицист, қырғыз еліне танымал ақыны6 Нұрпаис Жарқынбай ағамен әңгіме-дүкен құрдық. Әңгіме барысында бұдан ширек ғасыр бұрынғы оқиғалар да қозғалды.

Мен бұл газетке 1993 жылдың қарашасында хатшылыққа әдеби қызметкер санатында макетші болып орналасып, қырғыз тілін ауызша білгеніммен, жазуын жаңадан үйреніп жүрген кезім. Желтоқсан айында Нұрпаис Жарқынбайдың Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Энелер казан асканда, очокто оту бир күйгөн» деген мақаласы жарық көрді. Мен сонда «бир күйгөнге» түсінбей ағайдан мағынасын сұраған едім. Ағай «Апалар қазан асқанда, ошақта оты бір жанған» деп аударып берген. Біз осыны еске түсірдік. Мақалада қырғыз бен қазақтың бауырластығы, іргесін жаңадан қалаған қазақ мемлекетінің алғашқы қадамдары, елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігі сөз болған. Мен әңгіме барысында қазақстандықтар бірінші желтоқсанда «Тұңғыш Президент күнін» ресми түрде мерекелейтінін еске салып, ол кісінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы ой-пікірін сұраудың орайы келіп қалды.
– Ілгері замандардан бері ауылы аралас, қойы қоралас, төскейде малы, төсекте басы қосылған, Алатаудың бауырында бір жайлауда қоныстанып, бір өзеннен су ішкен қырғыз бен қазақ талай қиын кезеңдерді бастарынан кешірген. Солардың бірі Кеңес Одағы ыдыраған жыл болды, – деп бастады сөзін Нұрпаис ақын. – Қырғызда «жеті жетім бар» деген нақыл сөз бар. Мысалы, «Су жетпеген – жер жетім», «Басшысы жоқ – ел жетім» т.т. Бұл жағынан қазақ халқы бақытты екен. Ел басына күн туып, ер етігімен су кешкен күрделі кезеңде елдің басшылық тізгінін қолынан шығармай Нұрсұлтан Әбішұлы халқына көсем жолбасшы бола білді, Елбасы болды. Мен Нұрсұлтан Назарбаев жалпы елдің қалауымен Президент болып сайланғанда, мемлекет басшылығына лайықты адам келді деп сүйінгенмін, сол сүйініш сезім мені алдаған жоқ.
– Ендеше, Елбасының мемлекетті басқарудағы сіз бағамдаған ерекшелігіне тоқталсаңыз.
– Әуелі, Нұрсұлтан Әбішұлын алғаш рет көргенімді баяндап берейін. 1980-ші жылдары Қырғызстан Жазушылар одағының сол кездегі басшысы Шыңғыс Айтматов бастаған қырғыз елінің үлкенді-кішілі ақын-жазушылары Қазақстанға шығармашылық іссапармен бардық. Ондағы іс-шаралардың аясында біз сол уақыттағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев-
тың қабылдауында болдық. Қазіргіше айтқанда, Үкімет басшысы бізді Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайымен таныстырды. Ол талай фактілерді, цифрларды қағазға еш қарамай баяндап берді. Сонда делегация мүшелерінің барлығы оның керемет есте ұстау қабілетіне таңғалғанбыз. Қабылдаудан кейін тысқа шыққан соң, мен «бұл кісінің жадына «Қазақстанның экономикалық картасы» түгел сыйып кеткен екен» деп әріптестерімді бір күлдіріп алғанмын.
Енді, Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігіндегі үш елеулі мәселені айтайын. Біріншісі – елді басқара білуі. Мемлекетті, елді басқарудағы сенімді тұтқа не? Халықтың басқарушыға деген сенімі. Бұл тұжырым қытайдың ақылманы Конфуцийдің дәуірінен бері келе жатқан екен. Нұрсұлтан Әбішұлы осындай қағиданы ұстаныпты. Тәуелсіз елдің Бірінші Президенті болған күнінен бастап, Н.Назарбаевқа халқы сеніп, оның ұсынған бастамаларын қолдады, алдыға қойылған мақсаттарды іске асыру жолында жігерлі еңбек етті. Нәтижесі қазір көрініп тұр. Қазақстан әлемдегі экономикасы ілгерілген қуатты мемлекетке айналды.
Екіншісі – Қазақстанның астанасын елдің солтүстігіне көшіргені. Зор геосаяси маңызға ие бұл шешім Н.Назарбаевтың қырағы саясаткер екендігін айқын дәлелдеді. Бұл бастама оңай орындалған жоқ. Тұңғыш Президенттің қайсарлығының, күш-қайратының және, әрине, қазақстандықтардың жасампаз еңбегінің арқасында атқарылды. Алдымен Ақмола делініп, өзінің тарихи атауын алған қала Н.Назарбаевтың ұсынысымен Астана болды, сосын ел өкілдерінің ұсынысымен Нұр-Сұлтан атанды. Бұл жарасымды құбылыс. Орыстар Бірінші Петрдің салдырған қаласын Санкт-Петербург деп атаған. Кеңес өкіметі Ленинград деп өзгерткен. Ресейдің жаңа билігі Бірінші Петрді құрметтеп, атауды қалпына келтірді. Астананың оны салдырған Тұңғыш Президенттің есімімен аталуы орасан зор еңбегін бағалаудың лайықты көрінісі деп білемін. «Тұңғыш Президент күнінің» мерекелік күн болып белгіленуі де осындай ізеттік деп есептеймін.
Үшіншісі – Елбасының президенттік билікті қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз бастамасымен өткеріп бергені болды. Мұның арқасында Қазақстан өсіп-өркендеудің эволюциялық жолын жалғастырды.
– Енді сіздің өмір жолыңызды, шығармашылығыңызды оқырмандарға таныстырсақ.
– Жас кезімнен өлең жаза бастадым. Осы әуесқойлық мені мектепті бітірген соң Қырғыз мемлекеттік университетінің филология факультетіне алып келді. Бітірген соң Қырғызстан комсомолының «Ленинчил жаш» газетінде тілші, сосын бөлім басшысы болып жұмыс істедім. Сосын «Советтік Қырғызстан» газетіне шақырылдым. Егемендік жылдарынан кейін бұл газет, «Кыргыз Туусу» («Қырғыз Туы») атауын алды. Жиырмадан астам кітабым жарық көрді.
– Сіз, әсіресе, қазақ-қырғыз мәселелерінің тақырыбында газетке мақалаларды көп жазып жүрдіңіз. Абайдың өлеңдерін аударып, қырғыздың газет-журнал, альманахтарына жарияладыңыз. Қазақ еліне жақын тартқаныңыздың сырын оқырмандарға айтып бермейсіз бе?
– Ауылымызда мектеп жетіжылдық болып, мен 8, 9, 10-сыныптарды Фрунзедегі (қазіргі Бішкектегі) А.С.Пушкин атындағы №5 қырғыз мектебінде (қазір Қырғыз ұлттық гимназиясы) оқыдым. Мектеп Дзержинский (қазіргі Еркіндік) гүлзарбағына жақын еді. Бақтағы орындықтарда әйгілі Аалы Тоқамбаев бас болған қырғыздың ақын-жазушылары күнде бір мезгіл жиналып, әңгімелесіп отыратын еді. Мен де барып солардың әңгімелерін тыңдайтынмын. Ара-арасында Аалы Тоқамбаев өзі аударып, сиясы кеппеген Абайдың өлеңдерін оқып беретін. Бұл менің өлең жазуға, Абай сияқты ақын болуға қызығушылығымды арттырды. Өзіңнің де хабарың бар шығар, қырғызда Абайды ең жақсы және көп аударған Аалы Тоқамбаев. Ол өткен ғасырдың 30-жылдарынан бастап, дүниеден көзі өткен сексенінші жылдарға дейін 50 жыл бойы Абайды қырғызшаға аударумен болды. Кейінірек «Ленинчил жашта» бөлім басшысы болып жүргенімде, Абай шығармашылығы, оны қалай аударып жатқаны жөнінде Қырғызстанның халық ақыны, Социалистік Еңбек Ері, академик Аалы Тоқамбаепен сұхбаттасып, газетке жарияладым. Аалыкең сонда Абайдың немере інісі, ойшыл ақын Шәкәрімнің ауыр тағдыры туралы да айтып берді. «Шәкәрім тағдыры қырғыз баспасөзінде бірінші рет жарияланып жатыр, жазғаныңды газетке жариялар алдында өзім міндетті түрде оқып беруім керек» деді. Сөйтіп өзі оқып, «мақұлмын» деп қол қойып берді.
Иә, сондай-ақ, өзің білгендей, менің жұбайым – қазақ қызы. Есімі – Гүлжаһан. Ол Жамбыл облысының Қордай ауданының тумасы екен.
Қазақ қызына үйленуім, қазақ тіліне қызығуыма да себеп болды. Қайын жұртыма барғанымда, Қалдыбай деген қайын ағамның кітапханасынан қазақша кітаптарды алып кетіп, оқып жүрдім. Бұл кісі әдебиетке жақын адам екен. Тағы бір барғанымда ол біреулер өзі жоқта алып кетпесін деп, әздектеп сақтап жүрген Қазақ КСР-інің Ғылым академиясынан 1948 жылы жарық көрген Абайдың шығармалар жинағын байқап қалдым. Қайын ағам бұл кітапты «Сен өлең жазып жүрген адамсың ғой» деп маған сыйлады (Нұрпаис ағай үйіндегі кітапханадан сарғайып қалған сол тәберік кітапты маған көрсетті). Сөйтіп, студент күнімнен бастап, Абайды түпнұсқадан оқып, қырғызшаға аудара да бастадым.
– Абай өлеңдері сізге несімен ұнады?
– Абайдың өлеңдеріндегі терең тәлімдік мағына өз алдына, сөз сапталуы керемет қой.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы»,– деп ұлы ақынның өзі жазғандай, өлеңдері осы талапқа сайма-сай, жеңіл бір-екі оқығаныңда жадыңда қалады. Абайдың шеберлігі маған және көптеген қырғыз ақындарына өнеге болды.
Әңгімелескен
Назарбек БАЙЖІГІТОВ,
Қырғыз Республикасының жалпыұлттық «Қырғыз Туы» газетінің қызметкері
Бішкек
Полицейлер аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Алматыдағы карантинге қатысты Бекшиннің жаңа қаулысы шықты
Қазақстан • Бүгін, 18:50
Қостанайда 5-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Атырауда жедел жәрдем көліктері жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 17:49
Францияда бір тәулікте 16 мың адамнан коронавирус анықталды
Әлем • Бүгін, 17:11
Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтті
Қазақстан • Бүгін, 16:42
G7 саммиті маусым айында өтеді
Әлем • Бүгін, 15:34
Мейрамбек Бесбаев коронавируспен жансақтау бөліміне түсті
Қазақстан • Бүгін, 14:00
Интернет-алаяқтық жасаған 97 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:20
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 9,6% төмендеді
Экономика • Бүгін, 12:05
Шетелден 431 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 11:45
Пневмонияның 94 жағдайы және 4 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 10:30
Еліміздің 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Несиелендіру деңгейі артып келеді
Қазақстан • Бүгін, 09:53
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар