Президент • 31 Қазан, 2020

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

146 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Измир провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан қайтыс болған және зардап шеккен азаматтар туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алды.

– Сізге және осы табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Жарақат алған адамдардың тез арада отбасыларына қайта оралуларына дұға етеміз. Бауырлас түрік халқына шынайы тілекші ел ретінде, қажеттілік туындаған жағдайда, қазақ халқы мен Үкіметі тиісті көмек көрсетуге дайын, – делінген жеделхатта.

 

Соңғы жаңалықтар

Бір аптада 221 қылмыс

Аймақтар • Бүгін, 20:30

Ауылда амбулатория ашылды

Аймақтар • Бүгін, 19:11

Шымкентте Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды

Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 14:25

Ақмола облысы "қызыл" аймақта

Аймақтар • Бүгін, 09:07

Ұқсас жаңалықтар