Экономика • 30 Қазан, 2020

Қаражанбастағы су тұщыту зауыты іске қосылады

30 рет көрсетілді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қаражанбасмұнай» АҚ ұйым­дастырған Қаражанбас кен орнына баспасөз турының бары­сында кен орнындағы су тұщыту зауыты 2021 жылдың 1-тоқсанында іске қосылатыны белгілі болды. Зауыт көп сатылы тазалау және кері осмос көмегімен минералсыздандыру технологияларын қолдана отырып, қойнауқат суларын қайта өңдейді. Тұщытылған судың көлемі тәулігіне 17 мың текше метрге дейін жетеді деп жоспарланған.

Бүгінде Қаражанбас тәулігіне Еділ өзенінен Астрахан-Маңғыс­тау су құбыры арқылы келетін 17,5 мың текше метр су көлемін пай­далануда. Су тұщыту зауытын іске қосу кен орнын сумен қам­тамасыз етіп, аймақ халқының қажет­тіліктері үшін айтарлықтай су көлемін босатуға мүмкіндік береді. Оған қоса құрылыс аяқ­талған­нан кейін тағы 50-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Сонымен қатар кәсіпорынды іске қосу арқылы «Қаражанбасмұнай» АҚ-ындағы бірқатар технологиялық мәселені шешу жолын табады.

Атап айтқанда 2021-2035 жыл­дары аралығында «Қаражан­бас­мұнай» АҚ кен орнындағы мұнай өн­ді­рісін кемінде 700 мың тоннаға арт­тыруды, ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеуді азайтуды, гри­фондардың пайда болуын шектеуді жоспарлап отыр.

Осы орайда коронавирус пан­д­е­миясы салдарынан зауыт­ты іске қосу үшін қажетті қондырғыларды жет­кізу мерзімі созылып, құрылыстың тапсырылуы  үстіміздегі жылдың желтоқсан айынан 2021 жылдың 1-тоқсанына шегерілгенін айта кеткен жөн.

Бұдан бөлек баспасөз туры барысында «Қаражанбасмұнай» АҚ экологиялық жобалары және қоршаған ортаны қорғау сала­сын­дағы қызметі таныстырылды. Компанияның бұл саладағы жаңа­лық­тары мен жоспары туралы айтылды.

«Қаражанбасмұнай» АҚ өткен жылы бұрыннан қалыптасқан тарихи қалдықтар мәселесін біржолата шешті. Компания уақытша сақтау полигонындағы бар-жоғы 180 мың тоннадан астам қалдықты кәдеге жаратыпты. Атап айтқанда 2010 жылға дейін – 104 тонна, 2010-2016 жылдары тағы 43,8 тонна қалдық жойылды. Ал 2019 жылы «Қа­ра­жанбасмұнай» АҚ полигонда қалған 36 мың тонна қалдықты то­лы­ғымен кәдеге жаратқан болатын.

Компания табиғатты қорғау шараларын жіті назарда ұстайды. Бұған жыл сайын ауқымды қаржы бөледі екен. Мысалы, 2016 жылы 168 млн теңге бөлінсе, биыл 479 млн теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда «Қаражанбасмұнай» АҚ жалпы көлемі 350 гектар болатын мұнай­мен тарихи ластанған жерлерді тазарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда. Бүгінге дейін оның 143 гек­тарын тазалап үлгерген. Со­ны­мен қатар компания Каспий теңі­зі­­нің жаға­лауы аймағында 1970 жыл­дардың аяғында бұрғыланған 11 ұңғыманы жапты.

Сол 2019 жылы «Қаражан­бас­мұнай» АҚ және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қоршаған ортаны қорғау сала­сын­дағы ынтымақтастық туралы ме­мо­рандумға қол қойған бола­тын. Құжат­қа сәйкес «Қара­жан­басмұнай» АҚ еншілес компаниялары – ҚБМ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Өзенмұнайгаз» АҚ – келісімшарт аясында мұнаймен ластанған жерлерді тазалау, сон­дай-ақ жабдықталмаған шлам жинағыштарында орналас­тырыл­ған қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі мін­дет­терді қабылдады.

 

Атырау облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар