Технология • 28 Қазан, 2020

Банктегілер Kaspi.kz-тегі ақауға қатысты түсініктеме берді

889 рет көрсетілді

Kaspi.kz операцияларында бірқатар ақау пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Банк өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта техникалық ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"28 қазанда Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақаулар болды. Қосымша істен шығу нәтижесінде клиенттердің шоттарындағы қаражат дұрыс көрсетілмеді. Өкінішке қарай, карталармен төлеу, банкоматтардан ақша алу немесе картаға ақша жіберу, төлемдер мен аударымдар уақытша мүмкін болмай тұр. Компания ақауды жою үшін жұмыс істеп жатыр", деді банктегілер.

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екені туралы жалған хабарламалар тарап жатыр.

"Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталады, ақау жойылғаннан кейін қосымшада шоттағы ақша дұрыс көрсетіледі", деді Kaspi.kz өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Саңлақтар сыр бермеді

Спорт • 27 Қараша, 2020

Тұрғын үй алаяғы қолға түсті

Қоғам • 27 Қараша, 2020

Алматы облысында жер сілкінді

Оқиға • 27 Қараша, 2020

Ұқсас жаңалықтар