Туризм • 27 Қазан, 2020

“Қазақ Туризм” жобалық кеңсесінің құрамына бес Ұлттық парктің өкілдері қосылды

212 рет көрсетілді

Алматы қаласындағы "Қазақ Туризм" ұлттық компаниясының жобалық кеңсесі құрамына "Көлсай көлдері", "Іле Алатауы", "Алтын Емел", "Шарын", "Жоңғар Алатауы" ұлттық парктерінің өкілдері қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 25 қаңтарында ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша "Қазақ Туризм" ұлттық компаниясы жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында Алматы өңірінде туризмді дамыту жөніндегі бірлескен жобалық кеңсе құрды, оған Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдері кірді. Тараптар туристік инфрақұрылым жобаларын әзірлеу және іске асыру, тау кластерін құру және дамыту үшін күш біріктіруге келісті.

Ағымдағы жылдың 24 қазанында "Көлсай көлдері", "Іле Алатауы", "Алтын Емел", "Шарын", "Жоңғар Алатауы" мемлекеттік ұлттық  парктерінің өкілдерін шақырумен жобалық кеңсенің кеңейтілген кеңесі өтіп, онда әрбір парк өкілдерінің кеңсе құрамына кіруі туралы шешім қабылданды.

Осылайша, Біріккен жобалық кеңсе Алматы өңірінде туризмді, оның ішінде экотуризмді дамыту жөніндегі стратегиялық органға айналуы мүмкін. Бірыңғай алаң құру туризмді дамыту, оның ішінде экотуризм, ұлттық парктерді цифрландыру (интернетке қолжетімділігі бар wi-fi-аймақтарды ұйымдастыру, бейнебақылауды, дабыл түймелерін қамтамасыз ету), туристермен, әлеуетті инвесторлармен, турагенттіктермен, жұртшылық өкілдерімен үйлестірілген жұмысты жүргізу, ұлттық парктер үшін - рейнджерлер қызметі, тау туризмі нұсқаушылары, альпинизм нұсқаушылары үшін кәсіби кадрлар даярлау бойынша маңызды мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.

"Экотуризм бүкіл әлемде айтарлықтай өсу қарқынын көрсетеді, оған туристер тарапынан қызығушылық тек пандемияны ескере отырып өседі. Бұл қазіргі жағдайда халықтың ашық кеңістікте, таза ауамен, табиғат құшағында болу қажеттілігіне байланысты. Тиісінше, Қазақстан ішінде, оның ішінде ұлттық парктерде туристер ағынының өсуі таяу жылдары сөзсіз", - деп атап өтті "Қазақ Туризм" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев.

"Сондықтан мемлекетке ұлттық парктерде экотуризмді дамыту үшін жағдай жасау, оның ішінде тиісті инфрақұрылым, инвесторлар тарту, жергілікті экожүйеге рекреациялық жүктемені тең бөлу бойынша шаралар қабылдауды жалғастыру маңызды", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Ұқсас жаңалықтар