Қоғам • 25 Қазан, 2020

Төтенше жағдайлар министрлігінде төрт комитет құрылды

29 рет көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы Үкіметтің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаулыға сәйкес, Төтенше жағдайлар министрлігінде Өртке қарсы қызмет комитеті мен Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды

Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертілді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылды.

Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар