Қазақстан • 20 Қазан, 2020

Қорғаныс министрлігіне Германиядан гуманитарлық жүк келді

4 рет көрсетілді

Алматы халықаралық әуежайына Қазақстанның Қарулы Күштері үшін медициналық мақсаттағы гуманитарлық көмек ретінде жүк келді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Гуманитарлық көмекті жіберуші – Германия  Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігі. Мүлікті кедендік тазарту "СК-Фармация" ЖШС-мен бірлесіп жүргізілді.

Медициналық қажеттіліктер мен жабдықтар COVID-19-бен күресуге арналған. Өкпені жасанды желдету аппараттары, термометрлер және бір реттік бет перделер эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін әскери бөлімдерге берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Қару ұстауға бақылау күшті

Қоғам • Бүгін, 18:11

Ұқсас жаңалықтар